Атырауда мектепке академик Салық Зимановтың есімі беріледі

Атырауда мектепке академик Салық Зимановтың есімі беріледі

Атырауда мектепке академик Салық Зимановтың есімі беріледі
ашық дереккөзі
Биыл белгілі заңгер, академик Салық Зиманұлының туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов өңір басшылығына Атырау қаласындағы көше мен мектептің біріне ғалымның есімін беруді ұсынды. «Жақында облыс мәслихатының депутаттары кезекті сессияда облыстық сот төрағасының ұсынысына қолдау білдірді. Атырау қаласындағы №37 орта мектепке Салық Зимановтың есімін беру туралы шешім қабылданып, республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жіберілді. Енді оның есімін көшеге беру мәселесі де өз шешімін табатын болады», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.