400 адам қатысқан: Шымкентте көкөніс базарының ашылуына орай көкпар ұйымдастырғандар жазаланды

400 адам қатысқан: Шымкентте көкөніс базарының ашылуына орай көкпар ұйымдастырғандар жазаланды

400 адам қатысқан: Шымкентте көкөніс базарының ашылуына орай көкпар ұйымдастырғандар жазаланды
ашық дереккөзі
Шымкенттік полицейлер Ақтас ауылының маңындағы жайлауда ұйымдастырылған көкпар ойынын тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz. 400-ге жуық адам қатысқан көкпар ойыны көкөніс базарының ашылуына орай өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы жергілікті тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.