Алмас ШАЯХМЕТОВ, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері: Ұмыт болуға шақ қалған ғұрыптарымыз Наурызбен бірге қайта жаңғырды

ашық дереккөзі
– Наурыз – қазағымның Жаңа жылы, ата­дан балаға мұра ретінде келе жатқан ұлық мереке. Тәуелсіздіктің арқасында бұл мейрам­ның қадір-қасиеті биіктеп, мән-мағынасы арт­ты. Бір кездері ұмыт болуға шақ қалған дәстүрлеріміз, әдет-ғұрып­тары­мыз Наурыз мерекесімен бірге қайта жаңғырды. Бұл мейрамды жыл сайын көрші-қолаңмен бірге атап өтеміз. Келін­шектеріміз әдемі қамзолдарын киіп, сүр еттеріп алып шығып, ұйым­шылдықпен наурыз көже дайындайды. Ерлер қауымы бір-бірімізбен төс қағыстырып, Жаңа жылға аман жеткенімізге шүкірлік етіп, арқа-жарқа боламыз. Мол дастарқан басында үлкендерден бата сұралып, кішілерге үлгі-өнеге болатын әңгімелер айтылады. Балаларға Наурыздың мәнін түсіндіру, жарқын дәстүрлерімізді естерінде қалдыру үшін қызықты ойын­дар ұйымдастырып, оза шапқан балақайларға сый-сыяпатымызды беріп, қуантуға тырысамыз. Домбырамен әдемі әндеріміз шырқалып, әуез­ді күйлеріміз шертіледі. Жан дүниемізді байытып, ұлттық ру­хымызды асқақтататын бұл мейрамды қалай әспеттесек те жарасады.