Жалғас ТОЛҒАНБАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Бұл мейрамның мән-маңызын балалардың санасына сіңірген жөн

ашық дереккөзі
– Ұлыстың ұлы күні – бала кезімізден асы­ға күткен мейрамдардың бірі. Бүкіл ауыл-ел бо­лып, көршілермен жиналып, наурыз көже ішіп, мәз-мейрам болатынбыз. Күн мен түннің теңе­ліп, Жер-Ананың жаңарған күні Тәуелсіз­дік алғалы ұлық мерекеге айналды. Наурыз мейрамында шаңырағымызда міндетті түрде қазақтың дәстүрімен дастарқан жайылып, наурыз көже дайындалады. Жаңарудың белгісі ретінде жаңа ыдыстар алып, балаларымызды қуанту үшін керегін әперіп, бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Бұл мерекенің қадір-қасиетін арттырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін оның мән-маңызын бала­лардың санасына сіңіруге мән берген жөн. Осындай мейрамдар бізді өнерге баулыды. Кішкентай күнімізде Наурызда үйімізге қонақ келсе, жарыса ән айтатынбыз. Қонақтардың қо­лымызға ұстатқан тиын-тебені мен тәтті-пәттісіне мәз болысатынбыз. Бұл мереке еріксіз балалық шағымды, ауылымды, ондағы дархан көңіл ағайынды еске түсіреді, сонысымен қымбат.