Еліміздегі тағы бір футбол клубы таратылады

Еліміздегі тағы бір футбол клубы таратылады

Еліміздегі тағы бір футбол клубы таратылады
ашық дереккөзі
Қазақстанда тағы бір футбол клубы таратылады. Бірінші Лигада өнер көрсететін семейлік «Алтай» клубы жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы «Гол емес!» Telegram каналы хабарлайды. Белгілі болғандай, жуырда команда ойыншыларына басқа клуб іздеу туралы хабарлама келіп түскен.
«Жігіттер, ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы клубтың соңғы уақытта көрсетіп жүрген нәтижесіне байланысты қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Қаржыландыруды тоқтатудағы тағы бір себеп – балалар футболына баса мән берілмек. Сондықтан барлығыңызға жаңа клуб іздеуге тура келіп тұр», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы маусым айында Қазақстанның бес дүркін чемпионы, павлодарлық «Ертіс» клубы таратылған болатын.