♀=♂=?

8 наурызда Алматы көшелерінде «Әр әйел – жалғызым» деп ұрандатқан феминистер шеруі қоғамның жылдар бойы қордаланған көп қаңсығын лықсытып шығарды. Қыз-келіншектерге күш көрсетуді тоқтату, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту, әйелдер мен ерлерге бірдей еңбекақы енгізу секілді талаптарды көтерген аруларды күллі қазақ әйелдерінің жанайқайын жеткізді деп қолдап-қолпаштағандар аз болған жоқ. Плюрализм яки пікір еркіндігі тұрғысынан шеруге шығушылардың әрекеті дұрыс деп бағаланды. Алайда әйел құқығын желеу етіп Батыс қоғамынан жұққан, қазаққа жат «қасиеттерді» насихаттау, жеңіл жүрістілердің талабын тықпалауға тырысу жақсылықтың нышаны дей алмаймыз. Қалай болғанда да бұл шеру отбасы, ошақ қасынан бастап мемлекеттік деңгейге дейін шешілуі тиіс көп түйткілді көзге шұқып көрсетті.

Санкцияланған шеру: Карантин кедергі емес

Бұл – әйел құқығын қорғауды талап ет­кен белсенділердің алғаш рет кө­шеге шығуы емес. Мұндай шерулер 2017 жыл­­дан бері өткізіліп келеді. Алайда бұған дейін жергілікті әкімдіктің келісімінсіз өт­кізілсе, бұл жолы қала билігі ресми түр­де рұқсат берген. Бұл туралы «Феминита» қо­ғамдық ұйымының өкілдері әлеуметтік же­лідегі парақшасында ақпанның орта­сын­да сүйіншілеген еді. Бұл қоғам нара­зы­лығын тудырып, желіде бұл шерудің өтуіне қар­сылық білдірушілер аз болған жоқ. Өйт­кені бұған дейін әлеуметтік-саяси та­лап­пен өтеді деген митингілерге әкімдік рұқ­сат бермейтін. Кейінгі уақытта пан­де­мия­ға байланысты көпшіліктің топталып жи­налмауы қатаң қадағаланып жүрді. Алайда феминистер шеруі «айрықша маңыз­ды» жиындар санатына іліксе керек, Ган­ди атындағы саябақта 500-ге тарта адам бас қосқанына қарамастан, тәртіп сақ­шылары қарсылық білдірген жоқ. «Фе­минита», «КазФем», SVET, «ФемАгора», «Фем­Среда» қоғамдық ұйымдарының өкіл­дері кедергісіз шерулетіп, талап-тілектерін бүкіл Алматы ғана емес, тұтас республика ес­титіндей айғайлап айтты. Респуб­ли­каңыз не, алыс-жақын көршілердің де құ­ла­ғына жетті.

Әйел құқықтары – адам құқықтары», «Қызға 40 үйден бостандық», «Тұр­мыстағы әлімжеттікке қарсы заң керек» деп жазылған плакаттар көтерген бел­сен­ділердің негізгі талабы – әйелдерді тұр­мыстағы зорлық-зомбылықтан қорғау.

Осыдан бес жыл бұрын балғын жа­сы­нан сексуалдық зорлық көр­ге­нін ашық мәлімдеп, шеруде «Свет» қоғам­дық қоры атынан сөйлеген Мөлдір Албан: «Мен бүгін зорлық-зомбылықты басынан өт­керген, кешегі бала шағында жақын туыс­тарынан, өзіне таныс, сеніміне кірген адам­­дарынан сексуалдық зорлыққа ұшы­раған қыз-келіншектердің, сенген сері­гінен соққы алған әпке-сіңлілерімнің аты­­нан шығып отырмын. Бұл проблема біз­­дің ортада көбеймесе, азайған жоқ. Біз бү­­гінгі таңда өзімізді көкала қойдай қы­лып ұрып-соққан ерімізді заң жүзінде қа­лай жазалауды да білмейміз. Неге? Өйткені заңымыз осал, күресуге ынтамыз аз», – деді.

Қазақстанда әйелдер өздерін қауіп­сіз сезінбейтінін айтқан акция қа­тысушылары тұрмыста әлімжеттік көр­сеткен адамды әкімшілік емес, қылмыстық ко­декс бойынша жауапқа тартатындай заң өзгерісін енгізуге үндеді.

Елімізде әрбір бесінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Әйелдер құқығының аяққа тап­талуы, қыз-келіншектердің зор­лық-зомбылық құр­банына айналуы –  біз­дің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің бас ау­руы­на айналған өзекті мәселе. Дүние­жүзі­лік денсаулық сақтау ұйымының жуыр­да жарияланған есебіне сүйенсек, әлемдегі әйелдердің үштен бірі ер адамдар тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көрген. Ал Қазақстанда серігі бар 18-75 жас аралығындағы әйел­дер­дің 17 пайызы өз өмірінде бірнеше рет фи­зикалық немесе жыныстық зорлық-зом­былықты, тіпті екеуін де бастан ке­шір­ген.

Ең сорақысы, пандемияға байланыс­ты жарияланған карантин қоғам­ның бұл дертін өршітіп жіберді. Ресми де­­­­ректерге сүйенсек, 2020 жылдың алғаш­қы 8 айында елімізде 130 мыңнан аса от­ба­сын­дағы зорлық-зомбылық фактісі тір­келіпті. Бірақ кінәлілердің 2 500-і ға­на әкімшілік жазаға тартылған. Көп жағ­дайда екі жақтың келісімі бойынша қыл­мыстық іс тергелмей, жабулы қазан жабулы күйінде қалады немесе сот мә­се­лені сөзбұйдаға салып, нақты шешім қа­был­данбайды екен. 2019 жылы қазақ­стан­дық 2 480 қыз-келіншек зорлыққа ұшыра­ған, 742 нәзік жанды өзіне қол жұмсаған. Ал аруларға әлімжеттік көрсеткен 10 адам­нан тек 2-3-еуі ғана заң алдында жауап беріпті.

Коронавирус таралғалы құқық қор­ғау органдарының негізгі күш-жі­гері карантиндік іс-шараларға жұмыл­ды­рылғанын, полиция тарапынан қоғамдық қатынастарды бақылау азайғанын өткен аптада Сенатта өткен Үкімет сағатында Іш­кі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мойын­дады. Оның айтуынша, тұрмыстық зор­лық-зомбылық бағытындағы қыл­мыс­тардың 80 пайызы азаматтардың жеке үйлерінде болған.

«Пандемия кезеңінде өршіген қыл­мыс­тың жалғыз түрі – тұрмыстық зорлық-зом­былық. Шын мәнінде, адамдар тұйық кеңіс­тікте шектеліп, барлық қылмыс отба­сы, ошақ қасында болған. Яғни, осы қо­ғам­дық қатынас секторы полиция та­ра­пы­нан тиісті қадағалаудан ажырап қал­ды. Біз бар­лық күшімізді көшелерге, блок-бе­кет­терге, карантиндік іс-шараларға жұ­мыл­дырдық», – деп ақталды министр.

Оның айтуынша, адамдардың төрт қабырғада ұзақ отыруы спирттік ішім­діктерге салынушылар қатарының өсуіне, қылмыстардың басым бөлігінің жеке баспанада, жақын қарым-қатынаста бол­ған адамдар тарапынан жасалуына әке­ліп соққан.

«Қоғам ішкі істер органдары тиісті шара­лар қабылдамай жатыр деп жиі сынға алып жатады. Бұл мәселеде барша қоғам­ның, қоғамдық ұйымдардың, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлік­тері­нің біріккені маңызды. Бізге психологтар керек», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қоғам кеселін қоздырған төрт түйткіл

Министрдің сөзінің жаны бар. От­ба­сындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға бір ғана полицияның қауқары жетпейді. Қызметі бір-бірімен жең ұшына жалғасып жатқан бірнеше сала мамандары күш біріктіріп күреспесе, күннен-күнге тереңдеп бара жатқан кеселдің тамырына балта шабу қиын. Әлсізге жасалатын әлім­жеттіктің түп тамыры отбасы, ошақ қа­сындағы тәлім-тәрбиенің толымсыз­дығы, мектепте берілетін білімнің байыпсыз­ды­ғынан басталады. Одан кейін әлеуметтік тұрақ­сыздық пен жұмыссыздық, әрбір екін­ші қазақтың бас ауруына айналған баспана мәселесі тұрмыстық зорлық-зом­былықтың өршуіне ықпал етіп отырғаны жа­сырын емес. Айлығы шайлығына жет­пейтін немесе екі қолға бір күрек таппай отыр­ған ер адамның көбі мәселенің ше­шімін ащы судан іздейді. Салдарынан от­басында жанжал туады: әйел таяқ жейді, бала үйден безеді.

Әйелдерге зорлық-зомбылық көр­сету деректерінің көбеюіне әсер еткен үшінші фактор – желідегі жүген­сіз­дік. Үлкені  де, кішісі де телефонға тел­мір­ген бү­гінгі заманда әлеуметтік желідегі ақ­параттар ағынын қадағалап отыру оңай емес. Алауыздық тудырып, арсыздық пен қа­тыгездікке итермелейтін контент көп. Ата-ана тарапынан бақылау, құзырлы ор­гандар тарапынан сүзгі көбеймесе, желіге жіп­сіз байланған жастардың бойынан мейі­рім мен махаббат, иман іздеу бос әуре­шілік.

Төртінші себеп – заңымыздың осал­дығы. Бір қолымен бесікті, бір қо­лы­мен әлемді тербетіп отырған әйел-ана­лардың, желкілдеп өсіп келе жатқан қыз­дарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігі біз­дің қоғамда заңмен нық қорғалған бол­са, күйеулерінен аяусыз соққы көрген, ең жиіркенішті сөздерден зәрезап болған әйелдер кімнен жәрдем сұрарын білмей сан­далып, әр есікті бір қақпас еді. Ортақ істе мәмілеге келе алмай, үнемі «аққу, шор­тан һәм шаянның» ісіне басуымыздың сал­дарынан әлі күнге дейін «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қоғам игілігіне айналдыратын жол таба алмай келеміз.

Азғындықтың жалауын желбіреткендердің көксегені не?

Қазақ ежелден қызын төрге отыр­ғы­зып, анасын ардақтап, асыл жарын құрметтеген. Тарихты парақтасақ, қай заманда да әйел-аналарымыздың қо­ғам­да өз биігі, алар орны болғанын көре­міз. Жарты әлемді қаһарымен тентіреткен Ақсақ Темірдің өзі алдына ақ жаулықта ана келгенде райынан қайтты емес пе? Ақ жау­лық, ақ сүттен аттау қазақ дәстүрінде қорға саналады. Данышпан, батырларымыз ел үшін үлкен істер тындырса, олардың жанында тірегі, ақылшысы, тілекшісі болып әйел-аналарымыз жүрді. Ата-ба­ба­ларымыз «Қыз – қонақ», «Әйелің – ама­на­тың» деп нәзік жаратылыс иесін аялауды ер-азаматтарға міндеттеді. Ал қыз-келін­шектеріміз сол құрмет пен қамқорлыққа лайық болуға тырысты. Арсыз қылық, жөнсіз жүрістен аулақ болды. Демек, қазақ әйе­лінің қауіпсіздігін қорғау туралы сөз қоз­ғалған жерде жеңіл жүрісті бикеш­тер­дің, не ер, не әйел екені белгісіз бұрымды­лар­дың құқығын қорғауды талап ету қа­зақтың таным-түйсігіне, ғасырлар бойы қа­лыптасқан салт-санасына мүлдем жат, жа­байы ұғым. Азғындықты насихаттайтын жа­лау көтеріп, Алматы көшелерімен шеру­леткендер мұны білмеді емес, білді. Сөйте тұра, жыныстық қызмет көрсетуді «кең­дік­тің» көрсеткіші деп атап, мұндай арсыз істі кә­сіп еткендерге қорған сұрауы – өзі то­пы­рағын басып, ауасын жұтып жүрген ел­дің елдік қасиеттеріне түкіруі емей, н­е­мене?!. Сондықтан көпшіліктің бұл шеруді сынға алуын, оны ұйымдастырушыларға шүйлігуін орынсыз дей алмайсыз. Желіде жазылған пікірлерден булыққан ашу мен ыш­қынған ызаның атойлап тұруы да қи­сынды.

«Әкесін сабағанды көріп едік, бірақ ар­баға таңып қойып, сабағанды бірінші көруім» дейтін сөз бар еді, қазақта. Ми­тингтің, шерудің түр-түрін көріп едік, әйел құқығын, феминизмді сылтауратып, ЛГБТ-ның туын жалаулатып, азғындықты наси­хаттайтын шеруді де көз көрді-ау. Бұрын он­дай шерулерді батыстық елдерден көру­ші едік, енді қазақ топырағына да жетті. Бабалар қасық қаны қалғанша күрескен жерімізде, сол батырлардың ориентациясы ауысқан лесбиянка мен гей ұрпағы жер үшін емес, «жатыры» үшін күресіп жатыр. Ана­ның жатыры – ұрпақ көбейтетін қа­сиетті жер емес пе? Оны айқайлап айт­пау­шы еді, санасыз, мәңгүрт қазақтардың ар­қасында оған да жеттік. Сол жатырдан қан­ша ұрпақ өрбіп, алтын құрсақты ана­лар қазақ деген ұлттың жер бетінен жойы­лып кетуінен сақтамап па еді?», – деп жа­зып­ты заңгер Ләззат Ахатова.

Мәжіліс депутаты, белгілі журна­лист Қазыбек Исаның Facebook желі­сінде жариялаған «Тіл шеруіне жол жоқ – жын шеруіне жол көп!» атты жазба­сы да  көптің көкейіндегісін дөп басты.

«…Әрине, әйел құқын қорғау қашан да маңызды. Қазақ халқы о бастан үкілеген қы­зын төрге отырғызып, аяулы ананы ар­дақтап, асыл жарын құрметтеп өскен ха­лық. Бірақ, ешуақытта қазақ әйелі пір тұ­та­тын ерімен өзін теңестіріп, ерсілік жа­сам­аған, әйелге тән әдебімен, пайым-пара­сатымен қасиетті саналады. Қазақтың ба­тыр­лар жырын алсаңыз да, Алпамыс ба­тыр­мен бірге Гүлбаршын, Қобыланды мен Құртқа, Ер Тарғын мен Ақжүніс қатар ай­тылып, дәріптеліп келе жатыр. Бірақ ке­шегі шеру ішіндегі «Жатырымыз өзіміздікі, оны не істейтінімізді өзіміз шешеміз» де­ген ұрандар көтерген құрамы күмәнді топ­тарды көргенде қаны бар елдің қаны қай­науда…

Шеруде бір жыныстылардың бір-біріне үйленуін үндейтін, жезөк­ше­лердің құқын қорғауға шақырған жын-жыбырлардың жалаулары да жалбырап жүр екен…

Қазақ әйелдерінің қолынан «Менің жатырым – менің ережелерім», «Күш­тің жынысы жоқ», «Ана болу міндет емес» деген ұрандарды көру қандай қасірет еді?!», – деп кейіді халық қалаулысы.

Ал белгілі әнші Қарақат Әбілдина Instagram-дағы жазбасында ұрпақ тәр­биесіне, ұлт болашағына қауіп төндіретін мұндай акциялардың қайталанбауына көп болып тосқауыл қоюға шақырды.

«Мереке күні Алматының қақ төрінде бір топ қазақ қыз-келіншектері ардан без­ген азғындардың тірлігін қолдауды сұрап шеруге шықты. Қазақ деймін-ау, әсте қазақ емес болар. Ұлттық құндылықтан ада, ар-ұят­тан жұрдай, ардан безген азғындар бір жы­нысты жұпты, жезөкшелікті, тағы бір­сыпыра айтайын десең ауызға ұят, естиін де­се құлаққа ұят сөздерді айтып, сондай топтардың құқығын заң бойынша қор­ғауды талап еткен. Ол видеоларды жұрт тоқтау салу ниетінде әлеуметтік желіге аямай салып жатыр. Бірақ біз олардың қарауға қорқынышты, тіпті жағымсыз, жиіркенішті видео-фотоларын желіден-желіге салу арқылы керісінше оларға жар­нама жасап жатырмыз. Олардың о бастағы қалаулары да сол болды. Тас лақтырса да, желіні бір шулатып, өздерін жарнамалау, бар екендіктерін білдіру болды. Сон­дық­тан, желіде тарата беріп керек емес», – деді әнші өз жазбасында.

Дініміз не дейді?

Феминизмнің мәнін бұрмалап, қа­заққа батыстың таным-түсінігін таң­сығы келетіндер осы күні ислам шари­ғаты әйел құқығын таптайтыны хақында дінімізге жат, қисынсыз пікірлер айтып жүр. Шындығында қасиетті дінімізде әйел­ге, анаға деген құрмет ерек.

Бізге жеткен хадистен алынған мына тамаша мысал келтірейік. «Пайғам­бары­мызға (с.ғ.с.) келген бір адам: «Алла­ның елшісі, кімге жақсылық жасайын?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Анаңа», – деп жауап береді. Әлгі адам екін­ші рет сұрайды: «Одан кейін кімге жа­сайын?». Алланың елшісі (с.ғ.с.) екінші рет­те де «Анаңа» деген жауап қайтарады. Әл­гі адам тағы сұрайды: «Одан кейін кімге жақ­сылық жасайын?». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған үшінші ретте де «Анаңа», – деп жауап береді. Тек төртінші рет сұрағын «Одан кейін кімге?», – деп қайталағанда, Пай­­ғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкеңе», – деген екен.

Пай­ғамбарымыз (с.ғ.с.) сонымен қоса «Жұмақ ананың аяғының ас­тын­да» деген. Тағы бір хадисте: «Сендердің ең ізгілерің – әйелдеріңмен жақсы мәмі­ле­де болғандарың» деп ер мен әйелді өзара тү­сіністікке, бір-бірін құрметтеуге ша­қыр­ған.

Алматыда өткен феминистер шеруі­не қатысты пікір білдірген белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы ер мен әйелді аяқ киімнің екі сыңарына теңеді.

«Аяқ киімнің жұбы тең болғанымен бірдей емес. Оңын сол аяғыңа, солын оң ая­ғыңа кие аласың ба? Кие алмайсың. Күш­теп кисең аяғыңды ауыртып, екі басы екі бағытқа қарап тұрады. Бұлай ұзақ уа­қыт жүре де алмайсың. Әйелден еркек жа­сау да солай. Әйел мен еркек тең бе? Тең! Бі­рақ бірдей емес», – дейді дін маманы.

Қайрат Жолдыбайұлы ер мен әйел­дің бол­мысына сай мінезі мен мін­деті бола­тынын атап өтті.

«Әйел баласы бала тапса, табиғатына сай аналық міндетін атқарғаны емес пе? Әйел күйеуіне дәмді тамағын ұсынып, киі­мін жуып, жағдайын жасап жатса, мұны кем болғаны үшін емес, ерін, балаларының әке­сін құрмет тұтқаны үшін жасайды. От­басы жылуын арттыру үшін істейді. Еркек пен әйел еш айырмашылықсыз бірдей бол­ғанда, Алла еркек-әйел деп бөліп жат­пай бір ғана жаратылыс жасар еді», – дейді ға­лым.

Дінтанушының айтуынша, бүгінгі қазақ қоғамында әйелдердің ер­кін­дігі шектелмеген. Қыз-келіншектер оқуын оқып, қалағанын киіп, баратын же­ріне емін-еркін барып жүр. Жұмыс іс­тей­мін дегені жұмысын, жеке кәсіппен ай­налысамын дегені кәсібін дөңгелетуде. Десе де, Қайрат Жолдыбайұлы қоғамда әйе­лін адам құрлы көрмейтін, болмашы нәр­сеге бола көкала қойдай етіп сабайтын, кез келген жағдайда әйелді кінәлі етіп шы­ғаратын еркектер де, келінін күң секілді кө­ретін енелер де барын жоққа шы­ғар­майды. Имам мұндай надандықпен ағар­тушылық арқылы және заң аясында күресу ке­рек екенін ескертті.

«Бірақ бұлармен күресеміз деп, әйелге шек­сіз еркіндік беру, некесіз жыныстық қа­тынасты мәдениет, жезөкшелікті адал құ­қылы мамандық етуді сұрау адасу, қо­ғамды бұзу болмақ. Тұрмыстық зорлық-зом­былықтың алдын алу үшін арнайы заң бар. Зорлық көрген әйел кісілер телефон ша­лып, дабыл қақсын. Сотқа берсін. Заң жұ­мыс істемесе, соны көтерсін. Ал тұр­мыс­тық зорлық-зомбылықты сыл­таура­тып, «жатырым өзімдікі», «ана болу міндет емес» деп ұрандатып, тексіздік пен арсыз­дықты на­сихаттау, ғасырлар бойы жал­ға­сып келе жат­қан отбасы құнды­лық­тарына шабуыл жа­сау – қазақтың болашағына балта шабу», – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Әйел – отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шырақшысы. Бабадан балаға мирас болып келе жатқан осы ұғымға сызат түсуі – ұлттың атына сын, келешегіне қатер. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген тағылымды тәмсілді көздің қарашығындай сақтауға кедергі келтіріп отырған кеселдермен күрес күн тәртібінде ең бірінші орында тұруы тиіс. Өйткені отбасы – қоғамның ұясы, мемлекеттің өзегі.

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
16165622 401

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп...
article 45367

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик...
sam 2712 1

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді...

Жаңалықтар

«Қайда құлайтыны белгісіз». Жерге 22 тонналық зымыран жақындап келеді

Бақылаудан шығып кеткен Қытайлық Long March 5B ауыр зымыран тасығышы алдағы демалыс күндері (8-9 мамыр) атмосфераға өтіп, жерге құлауы мүмкін, - деп хабарлайды Liter.kz...

Алексей Цой 15 миллион теңге сыйақыға қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой депутат Азат Перуашевқа жауап қайтарды, - деп хабарлайды Stan.kz. Министрлік "Айтылған фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеді. "Бонустық...

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге дайындық жүріп жатыр

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мамандар мен ғалымдар балықтардың азық базасына қаншалықты шығын келгенін білу үшін су қоймасының түбіне мониторинг жасалуда,...

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық...

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және...

Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы жаздырып алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің халықты вакцинамен қамту жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына...

Жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты министрлік пікір білдірді

Қаржы министрлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен МКК қызметкерінің ұлына қатысты жағдайға қысқаша түсініктеме берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. - Бұл комитетке де, министрлікке де қатысы...

Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro. Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан...

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық...

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан...

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Нayat-Vax вакцинасын салу басталды. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы үш вакцинаның біреуін таңдай алады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық...

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион...

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz. "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер...

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін...

Латын графикасына көшу мәселелері талқыланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу - қазақ тілінің ауқымды реформасы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. 4 сағатқа созылған бұл жиынға...

P4P рейтингі: Геннадий Головкин оныншы орынға түсті

Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz. ТОП-10 үздігі болып WBA...

Мәжіліс төрағасы қазақстандық вакцина шығаратын зауытты сынға алды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды. «Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары...

Пойызбен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамына қарасты «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз алып өтпек болғанын...

Әділ Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми...

Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады. Бұл ретте вакцинаның екі компонентін...

Бүгін – ұлттық театрдың негізін қалаушы Серке Қожамқұловтың туған күні

125 жыл бұрын (1896-1979) актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек...

Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды

Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен...

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал маңындағы Деркөл кентінде газ құбырын ұстап, тоққа түскен 6 жасар қыз мерт болды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде...

5 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1918 жылы 5 мамырда Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде...

Түнде үй-іші ұйықтап жатқанда 3 жасар бала оянып, далаға шығып кеткен

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүргені анықталды. Түнгі уақытта кезекті шақыртуға шыққан полицейлер адасып қалған баланы тауып алған. Облыстық ПД...

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат....

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман күтіледі

5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел,...

Үндістанда сайлауда Сталин жеңіске жетті

Үндістанның Тамилнад штатында өткен аймақтық сайлауда елге белгілі саясаткер Мутхувел Карунанидхи Сталин жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол жергілікті әкімшіліктің төрағасы қызметін атқаратын болады, деп...