Дамир Темірәліұлы: Жасанды жүрек жайлы болу үшін адам ағзасын зерттеп жатырмыз

Дамир Темірәліұлы: Жасанды жүрек жайлы болу үшін адам ағзасын зерттеп жатырмыз

Дамир Темірәліұлы: Жасанды жүрек жайлы болу үшін адам ағзасын зерттеп жатырмыз
ашық дереккөзі
Дамир Темірәліұлы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіретін Швейцария жоғары техни­ка­лық мектебінің зертханасында зерттеуші болып жұмыс істейді. Бұған дейін Цюрихтегі бірнеше зерт­­ханада жұмыс істеген ол қазір жасанды жү­рек имп­лантын құрастыру секілді жауапты іспен ай­налысады. Алдағы уақытта Қазақстанның егін шаруашылығын жетілдіруге септігін тигізетін жобаларды іске асы­рып, медици­налық оңалту бойынша бар біл­генін Қазақстан жас­тарымен бө­ліскісі келетін Дамирмен хабар­ласып, сұхбат­тас­қан едік.
Біздің анықтама: Туған жылы: 1994 Туған жері: Алматы қаласы Білімі: Назарбаев университеті, Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебі Қызметі: Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің зертханасы (ETHZ)
[caption id="attachment_141731" align="alignnone" width="329"] width= Зертханадағы жұмыс барысында[/caption] – Робототехника саласы бойынша бі­лім алған маманның медицинаға қа­тысы жоқ, тек робот құрастырумен ай­на­лысады деп ойлайтын едік. Десек те Назар­баев университетінің робототех­ни­ка факультетінде білім алған сіздің қа­зір Швейцариядағы жетекші уни­верситеттердің бірінің зертханасында жа­санды жүрек имплантын құрас­тыру­мен шұғылданып жүргеніңізді естігенде таң­ғалғанымыз бар. Инженер-робото­тех­ник мамандығын меңгерген көпте­ген маман секілді сіз де бала кезіңізден түрлі техниканы құрастыруға әуес бол­ған шығарсыз? – Дәл солай. Кішкентай кезімде істен шы­ғып қалған техниканы, әсіресе радио мен пу­льттерді шұқылап, жөндегенді ұнататын­мын. Велосипедім сынып қалса да, үлкен­дер­ге айтпай, өзім жөндейтінмін. Нәтижесінде ме­ханика мен электроникаға деген қызы­ғу­шылығым Назарбаев университетінде ро­бототехника және мехатроника мамандығын таң­дауға септігін тигізді. Мұнымен қоса, 7-сы­ныптан бастап оқытылатын технология пә­нінде еліміздің көптеген мектебінде ең­бекке баулуды оқытса, ал біздің мектепте бұл пәннен сабақ берген ағай бағдарлама жа­сақ­тауды үйрететін. Сөйтіп, түрлі жарыстарға қа­тысып, жүлделі орындар иеленгенбіз. Со­ны­мен қатар, университетте 2-курста оқып жүргенде факультетте сабақ беретін про­фессордың көмегімен зертханаға жұмысқа тұр­дым. Сосын 3-курста Шахмардан Есенов атын­дағы қор ұсынатын грантты ұтып алып, нәти­жесінде Цюрихтегі Швейцария жоғары тех­никалық мектебінде үш ай тағы­лым­дамадан өттім. Сөйтіп, Назарбаев универ­си­те­тін теориямен қоса, практиканы қатар алып жүріп аяқтадым. [caption id="attachment_141732" align="alignnone" width="1024"] width= Диплом алу сәті[/caption] – Сосын Цюрихтегі Швейцария жо­ғары техникалық мектебінде өткен та­ғылымдаманың пайдасы тиіп, 2017 жы­лы аталған оқу орнының магистра­тура бөліміне оқуға түсіп, сол елге қайта келдіңіз бе? – Иә. Бірақ оқуға түсерін түсіп алып, бас тартпақшы болдым. Себебі Швейцария – әлемдегі ең қымбат елдердің бірі. Грантта оқы­саң да қосымша қаражатың болмаса Швейцарияда өмір сүру оңай емес. Сол кезде өзім жұмыс істеп жүрген зертханадағы шет­ел­дік профессорға оқуға бара алмайты­ным­ды, астанадан жұмыс қарастыратынымды айт­қанымда ол кісі «Жұмысқа кірсең де, бас­шыңа барып, бұл бала оқуы керек деп айтамын. Швейцарияның қымбат ел екенін білемін, десек те туған-туыстарыңнан қарыз­ға ақша сұра немесе банктен несие ал, сөйтіп, бір семестерге өмір сүруге жететін ақша тап. Бірінші семестерде сабағыңды жақсы оқы. Со­сын сол біржылдықтың нәтижесі жазыл­ған қағазды алып, Швейцариядағы зертха­на­лардың меңгерушілеріне «Міне, оқу үлгерімім жақсы. Осында жұмыс істегім келеді. Оқуым­мен қатар, жұмысты да қатар алып жүремін. Әйт­песе, мұнда шәкіртақыға күн көру мүм­кін емес» деп айтарсың» деп ақылын айтты. Сөй­тіп, бірінші семестрді үздік бітіріп, екінші семестрден бастап түрлі зертханалардан жұмыс қарастыра бастадым. Айта кетерлігі, магистратура бөліміндегі оқуым өткен ап­тада ғана аяқталды. Неге төрт жылға созылды деп сұрасаңыз, оқу барысында санаулы ғана курс алып, бар ынта-жігерімді зертханадағы жұмысқа салдым. Оның үстіне, пандемияға байланысты оқу мерзімі тағы бір жылға со­зылды. Десек те жұмыс істеу барысында біраз тәжірибе жинадым. Алғашқы жобада арбаға таңылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ар­налған экзоскелет әзірледік. Олар сол құрыл­ғының көмегімен өздері жүріп-тұра алады. Осы жобаның нәтижесінде адамды оңалту ісіне қызығушылығым арта түсіп, осы­ған байланысты бірнеше курс оқыдым. Екін­ші жұмыс орнымда инфаркт салдарынан қан тамырларына, әсіресе қол буынына за­қым тиген адамдарға көмектесетін құрылғы жасаумен айналыстым. Негізі, робототех­ник­тер мұндай құрылғылар жасамағанда науқас адам­дар терапевт маманның көмегіне жүгі­ніп, түрлі жаттығулар жасау, уқалау-сылау ар­қылы емделетін еді. Бірақ, робототех­ни­каның басты артықшылығы сол, адам қо­лымен істелінетін жаттығуларды жеңілдетіп, бұлшықеттерге оң әсер береді. Бұл жобадан кейін де адам денсаулығын қалпына кел­тіруге бағытталған құрылғыларды әзірлеуге құлшынысым артып, тынбай еңбектенгім келді. Осы ретте айта кететін жайт, жоғарыда сіз айтып өткендей, көпшілігі робототехника ғылымын тек робот құрастырумен шектейді. Қазақстанға келген кезде туыстарым «Дамир, үй жинайтын немесе ыдыс аяқ жуатын робот жасап берсеңші» дейді. Робототехника –  тамыры жан-жаққа жайылған қолданбалы ғылым. Десек те мен бірден медициналық робототехникаға ден қойғаным жоқ. Бұған дейін Назарбаев университетіндегі зерт­ханада жылан робот әзірлегенмін. Мұнымен қоса, EXPO-да туристерге көмектесетін әлеуметтік робот жасағанмын. [caption id="attachment_141734" align="alignnone" width="1024"] width= Tensegrity роботын әзірлеу кезінде[/caption] – Ал үшінші жобаңыз – жасанды жү­рек имплантын әзірлеу жауапкершілігі мол жұмыс екені айтпаса да түсінікті. Бұл жобаға қалай шақырту алдыңыз? – Біздің университеттегі зертханада жүрек имплантын жасауға жауапты жұмыс тобына робототехник маманның көмегі қажет болды. Сөйтіп, мені бұрыннан білетін олар өткен жылдың тамыз айында осы жо­баға шақырып, оқуды аяқтасам да, зерт­ханада қалып, жұмыс істеу туралы ұсыныс айтты. Маған мұндай зерттеулер жүргізу өте қызық, себебі өз қолыңмен жасаған құрал-жаб­дықтың адам өміріне ауадай қажет еке­нін білесің. Сондықтан бұл ұсынысты қуа­на қабылдап, осында зерттеуші қызметіне тұрдым. Негізі, аталған жобаның басталғанына екі жыл болды. Жоспар бойын­ша екі-үш жылда біз әзірлеген жасанды жүрек­ті жануарға салып, эксперимент жаса­мақшымыз. Өйткені мұны адамға салмас бұрын көп тексерістен өткізуіміз керек. Жа­санды жүрек имплантын әзірлеудің маңызы зор, себебі дүниежүзінде жүрек ауруына шал­дыққан адамдар өте көп, бірақ донор тап­шы. Білуімше, Америкада жүрек ауруымен ауыратын үш жүз мыңға жуық науқас бар, ал сол үш жүз мыңға тек үш жүз донор табы­ла­ды. Донор табылған күннің өзінде науқас жү­рек ауыстыруға кезегін жылдар бойы күте­ді. Ал бұл уақыт аралығында жүректің жұ­мысы нашарлайды. Мұндай жағдайда нау­қаста екі ғана таңдау бар: ақшасы жетсе, жа­санды жүрек салдырту немесе донор та­был­ғанша амалсыз күту. – 2018 жылы Қазақстанда әлем бойын­ша алғаш рет жасанды жүрекпен жүрген отандасымызға қайта ота жа­салып, донордың жүрегі салынған бо­латын. Сол кезде ғалымдар егер науқас до­нордың жүрегін салуға дайын бол­маса, жасанды жүректі салған жөн. Сол кезде оның жағдайы жақсарады, өкпе артериясындағы қан қысымы да қал­пына келеді, содан кейін ол жүректі до­нор жүрегіне алмастыруға болады де­ген тұжырым айтқан еді. Соған қара­ғанда жасанды жүректі бірнеше мәрте алып-салса да мұның зияны жоқ секілді? – Қазақстанда алғаш рет 2017 жылы фран­цуздық мамандардың көмегімен сіз айтып отырған науқасқа жасанды жүрек са­лынған болатын. Донор табылғанша не­месе донор жүрегін салмас бұрын науқас­тың жағ­дайы түзелгенше салынатын жасанды жү­ректің атқаратын рөлі орасан. Бізде зерт­ханада «қолданылған» бірнеше жүрек бар. Жо­ғарыда айтып өткендей, донор жүрегі та­былған соң, науқас бұдан бас тартады. Дегенмен жүрек деген алмалы-салмалы ойыншық емес. Оны салу да, ауыстыру да – қа­терлі іс. Жасанды жүрегі бар науқасқа көп­теген шектеу қойылады. Бұған ерекше кү­тім қажет. Мысалы, ұшақпен ұшуға бол­майды, көп қобалжуға болмайды. Сонымен қатар, олар үнемі жасанды жүректі қуат­тайтын құрылғы салынған иыққаппен жүру­ге мәжбүр. Ал мұның ыңғайсыздық ту­дыратыны айтпаса да түсінікті. [caption id="attachment_141735" align="alignnone" width="1024"] width= Дамир әзірлеген, зақымданғанған қол буынын оңалтуға арналған экзоскелет[/caption] – Зертханада өзіңізбен бірге қанша адам жұмыс істейді? – Менімен бірге биомедицина саласы бойынша білім алған мықты маман жұмыс істейді. Негізі, аталған жоба бойынша төрт оқу орнының, атап айтсам, Цюрихте үш, Бер­линде бір университеттің зертханасындағы ға­лымдар бірлесе жұмыс істеудеміз. Айта ке­терлігі, мұнда зерттеу нәтижелерін бірден талдауға болмайды. Өйткені зерттеуіміз адам ағза­сының «моторы» саналатын жұдырықтай жүрекке қатысты болғандықтан, дәлелдерді тың­ғылықты зерделеп, сараптау қажет. Мы­салы, қазір біз жүрек механизміне қатысты зерт­теу жүргізудеміз. Зерттеген сайын адам­ның жүрегін жақсы түсіне бастадым. Әлбетте, жа­санды жүректің механизмі адам жүрегіне қарағанда басқаша жұмыс істейді, бірақ екеуінің де сырт келбеті бірдей. Десек те біз денеге көп салмақ түсірмеу үшін жасанды жүрек­тің пішінін адамдікіне қарағанда кіші фор­мада әзірлеудеміз. Қазір эстетика жа­ғынан жасанды жүректен көп шуыл шық­пауын, сонымен қатар қуаттаған кезде көп қуат жұмсалмауын қадағалаудамыз. Биоло­гия­лық тұрғыда компьютер арқылы жүректің ішіндегі қан айналымын бақылап, қай жерде баяу, қай жерде тез жүретінін зерттеудеміз. [caption id="attachment_141737" align="alignnone" width="1024"] width= Дамир әріптесімен бірге[/caption] – Өзіңіз оқыған Назарбаев универ­си­тетінің зертханаларында да түрлі зерт­теулер жүргізілетінін білеміз. Деген­мен өзіңіз сол зертханада жұмыс істеген ма­ман ретінде Цюрихтегі жұмыс ор­ныңыздан қандай басты айырмашы­лық­ты атай аласыз? – Назарбаев университетіндегі зерт­ха­наларда елге пайдасы тиетін көптеген жоба іске асырылып жатыр. Былтыр екі маман жа­санды қолдың имплантын әзірлеп, жаңа­лық жасаған болатын. Қазір жас ма­ман­дар қазақ тілі мен сөзін автоматты түрде тану жо­басын іске қосты. Оның көмегімен қазақ ті­лін цифрлық әлемге белсенді енгізуге бо­лады. Жалпы, аталған университеттегі оқы­ту­шылар құрамының 80 пайызы шетелден кел­ген профессорлардан тұратындықтан, зерт­ханада шетелдіктер қызыға қарайтын сапалы зерттеулер көп жүргізіледі. Ал мұның Цюрихте жұмыс істеп жүрген зертханадан басты айырмашылығын сұрасаңыз, барлығы қаржыға келіп тіреледі. Алғашында жұмысқа тұр­ғанда маған басшылықтың «Өзіңе қажет­тінің барлығын сатып ал, сосын чекті бізге жібер» деп айтқанын естігенде таңғалғаным бар. Швейцарияда зерттеуіңе қажетті кез келген құрал-жабдықты сатып алуға мүм­кін­дік бар, тиісінше сол құралдармен көптеген экс­перимент жасап, түрлі жаңалық аша аласың. Ал бізде олай емес, жобаға аса қажет құрылғыны сатып алу үшін құжат әзірлеуің керек, сосын ол құжатты бірнеше ай бұрын тапсыру қажет. Сөйтіп, кеңседен кеңсеге жүгіріп жүргенде биыл бұл құралдарды са­тып алуға қаржы қарастырылмағанын ай­тып, көңіліңді су сепкендей басады. Осы­лайша зерттеулер жасаймын деп, бю­ро-кратиялық кедергілерге тап боласың. Сөйтіп жүр­генде зерттеу жасауға деген қызығу­шы­лық төмендеп қалады. [caption id="attachment_141736" align="alignnone" width="1024"] width= Арбаға таңылған жандарға арналған экзоскелетті тексеріп жатқан кез[/caption] – Әңгіме басында болашақта Назарбаев университетінде бірге оқы­ған доста­рыңыз­бен бірлесе іске асыру­ды көздеп жүрген жоспарыңыздың көп екенін айтып қалдыңыз. Бұл жоспар ме­дициналық робототехникаға бай­ланысты ма, әлде басқа бағытта зерттеу жүр­гізбекшісіздер ме? – Университет қабырғасында жүргенде бір­ге оқыған достарыммен болашақта Қазақ­стан агромәдениетіне қатысты жобаларды бірге жүзеге асырамыз деп келіскенбіз. Тек оқу бітіргенде көпшілігі алған білімін қайда қол­данарын білмей, жан-жаққа тарап кетті. Де­генмен алдағы уақытта барлығымыз жина­лып, осы салаға үлес қосуды мақсат етіп жүр­­міз. Өйткені, қазір елдегі егін шару­а­шы­лығы өндірісінде Кеңес өкіметінен қалған, тоз-тозы шыққан ескі технология қол­да­нылады. Ал егін шаруашылығы – Қазақстан эко­номикасының маңызды саласы. Сон­дықтан егін шаруашылығын «дөңгелетуге» мүм­кіндік беретін сол жобаларды іске асыр­ғым келеді. Сонымен қатар, осы сала бойын­ша болашақта компания құрғым келетінін жа­сырмаймын. Елге оралғанда қазір өзім айналысып жүрген медициналық оңалту ісін де назардан тыс қалдырмаймын. Болашақта елдегі жетекші оқу орындарында бұл туралы дәріс оқу жоспарда бар. Сосын өзім оқыған Назарбаев университетінде робототехни­калық медицина мамандығы ашылып жатса, ондағы жастарға бар білген-түйгенімді үйрет­сем деймін. Мұның бәрі енді болашақ­тың еншісінде. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ