Жаңалықтар

Дамир Темірәліұлы: Жасанды жүрек жайлы болу үшін адам ағзасын зерттеп жатырмыз

ашық дереккөзі

Дамир Темірәліұлы: Жасанды жүрек жайлы болу үшін адам ағзасын зерттеп жатырмыз

Дамир Темірәліұлы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіретін Швейцария жоғары техни­ка­лық мектебінің зертханасында зерттеуші болып жұмыс істейді. Бұған дейін Цюрихтегі бірнеше зерт­­ханада жұмыс істеген ол қазір жасанды жү­рек имп­лантын құрастыру секілді жауапты іспен ай­налысады. Алдағы уақытта Қазақстанның егін шаруашылығын жетілдіруге септігін тигізетін жобаларды іске асы­рып, медици­налық оңалту бойынша бар біл­генін Қазақстан жас­тарымен бө­ліскісі келетін Дамирмен хабар­ласып, сұхбат­тас­қан едік. Біздің анықтама: Туған жылы: 1994 Туған жері: Алматы қаласы Білімі: Назарбаев университеті, Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебі Қызметі: Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің зертханасы (ETHZ) [caption id="attachment_141731" align="alignnone" width="329"] Диплом алу сәті[/caption] – Сосын Цюрихтегі Швейцария жо­ғары техникалық мектебінде өткен та­ғылымдаманың пайдасы тиіп, 2017 жы­лы аталған оқу орнының магистра­тура бөліміне оқуға түсіп, сол елге қайта келдіңіз бе? – Иә. Бірақ оқуға түсерін түсіп алып, бас тартпақшы болдым. Себебі Швейцария – әлемдегі ең қымбат елдердің бірі. Грантта оқы­саң да қосымша қаражатың болмаса Швейцарияда өмір сүру оңай емес. Сол кезде өзім жұмыс істеп жүрген зертханадағы шет­ел­дік профессорға оқуға бара алмайты­ным­ды, астанадан жұмыс қарастыратынымды айт­қанымда ол кісі «Жұмысқа кірсең де, бас­шыңа барып, бұл бала оқуы керек деп айтамын. Швейцарияның қымбат ел екенін білемін, десек те туған-туыстарыңнан қарыз­ға ақша сұра немесе банктен несие ал, сөйтіп, бір семестерге өмір сүруге жететін ақша тап. Бірінші семестерде сабағыңды жақсы оқы. Со­сын сол біржылдықтың нәтижесі жазыл­ған қағазды алып, Швейцариядағы зертха­на­лардың меңгерушілеріне «Міне, оқу үлгерімім жақсы. Осында жұмыс істегім келеді. Оқуым­мен қатар, жұмысты да қатар алып жүремін. Әйт­песе, мұнда шәкіртақыға күн көру мүм­кін емес» деп айтарсың» деп ақылын айтты. Сөй­тіп, бірінші семестрді үздік бітіріп, екінші семестрден бастап түрлі зертханалардан жұмыс қарастыра бастадым. Айта кетерлігі, магистратура бөліміндегі оқуым өткен ап­тада ғана аяқталды. Неге төрт жылға созылды деп сұрасаңыз, оқу барысында санаулы ғана курс алып, бар ынта-жігерімді зертханадағы жұмысқа салдым. Оның үстіне, пандемияға байланысты оқу мерзімі тағы бір жылға со­зылды. Десек те жұмыс істеу барысында біраз тәжірибе жинадым. Алғашқы жобада арбаға таңылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ар­налған экзоскелет әзірледік. Олар сол құрыл­ғының көмегімен өздері жүріп-тұра алады. Осы жобаның нәтижесінде адамды оңалту ісіне қызығушылығым арта түсіп, осы­ған байланысты бірнеше курс оқыдым. Екін­ші жұмыс орнымда инфаркт салдарынан қан тамырларына, әсіресе қол буынына за­қым тиген адамдарға көмектесетін құрылғы жасаумен айналыстым. Негізі, робототех­ник­тер мұндай құрылғылар жасамағанда науқас адам­дар терапевт маманның көмегіне жүгі­ніп, түрлі жаттығулар жасау, уқалау-сылау ар­қылы емделетін еді. Бірақ, робототех­ни­каның басты артықшылығы сол, адам қо­лымен істелінетін жаттығуларды жеңілдетіп, бұлшықеттерге оң әсер береді. Бұл жобадан кейін де адам денсаулығын қалпына кел­тіруге бағытталған құрылғыларды әзірлеуге құлшынысым артып, тынбай еңбектенгім келді. Осы ретте айта кететін жайт, жоғарыда сіз айтып өткендей, көпшілігі робототехника ғылымын тек робот құрастырумен шектейді. Қазақстанға келген кезде туыстарым «Дамир, үй жинайтын немесе ыдыс аяқ жуатын робот жасап берсеңші» дейді. Робототехника –  тамыры жан-жаққа жайылған қолданбалы ғылым. Десек те мен бірден медициналық робототехникаға ден қойғаным жоқ. Бұған дейін Назарбаев университетіндегі зерт­ханада жылан робот әзірлегенмін. Мұнымен қоса, EXPO-да туристерге көмектесетін әлеуметтік робот жасағанмын. [caption id="attachment_141734" align="alignnone" width="1024"] Дамир әзірлеген, зақымданғанған қол буынын оңалтуға арналған экзоскелет[/caption] – Зертханада өзіңізбен бірге қанша адам жұмыс істейді? – Менімен бірге биомедицина саласы бойынша білім алған мықты маман жұмыс істейді. Негізі, аталған жоба бойынша төрт оқу орнының, атап айтсам, Цюрихте үш, Бер­линде бір университеттің зертханасындағы ға­лымдар бірлесе жұмыс істеудеміз. Айта ке­терлігі, мұнда зерттеу нәтижелерін бірден талдауға болмайды. Өйткені зерттеуіміз адам ағза­сының «моторы» саналатын жұдырықтай жүрекке қатысты болғандықтан, дәлелдерді тың­ғылықты зерделеп, сараптау қажет. Мы­салы, қазір біз жүрек механизміне қатысты зерт­теу жүргізудеміз. Зерттеген сайын адам­ның жүрегін жақсы түсіне бастадым. Әлбетте, жа­санды жүректің механизмі адам жүрегіне қарағанда басқаша жұмыс істейді, бірақ екеуінің де сырт келбеті бірдей. Десек те біз денеге көп салмақ түсірмеу үшін жасанды жүрек­тің пішінін адамдікіне қарағанда кіші фор­мада әзірлеудеміз. Қазір эстетика жа­ғынан жасанды жүректен көп шуыл шық­пауын, сонымен қатар қуаттаған кезде көп қуат жұмсалмауын қадағалаудамыз. Биоло­гия­лық тұрғыда компьютер арқылы жүректің ішіндегі қан айналымын бақылап, қай жерде баяу, қай жерде тез жүретінін зерттеудеміз. [caption id="attachment_141737" align="alignnone" width="1024"] Арбаға таңылған жандарға арналған экзоскелетті тексеріп жатқан кез[/caption] – Әңгіме басында болашақта Назарбаев университетінде бірге оқы­ған доста­рыңыз­бен бірлесе іске асыру­ды көздеп жүрген жоспарыңыздың көп екенін айтып қалдыңыз. Бұл жоспар ме­дициналық робототехникаға бай­ланысты ма, әлде басқа бағытта зерттеу жүр­гізбекшісіздер ме? – Университет қабырғасында жүргенде бір­ге оқыған достарыммен болашақта Қазақ­стан агромәдениетіне қатысты жобаларды бірге жүзеге асырамыз деп келіскенбіз. Тек оқу бітіргенде көпшілігі алған білімін қайда қол­данарын білмей, жан-жаққа тарап кетті. Де­генмен алдағы уақытта барлығымыз жина­лып, осы салаға үлес қосуды мақсат етіп жүр­­міз. Өйткені, қазір елдегі егін шару­а­шы­лығы өндірісінде Кеңес өкіметінен қалған, тоз-тозы шыққан ескі технология қол­да­нылады. Ал егін шаруашылығы – Қазақстан эко­номикасының маңызды саласы. Сон­дықтан егін шаруашылығын «дөңгелетуге» мүм­кіндік беретін сол жобаларды іске асыр­ғым келеді. Сонымен қатар, осы сала бойын­ша болашақта компания құрғым келетінін жа­сырмаймын. Елге оралғанда қазір өзім айналысып жүрген медициналық оңалту ісін де назардан тыс қалдырмаймын. Болашақта елдегі жетекші оқу орындарында бұл туралы дәріс оқу жоспарда бар. Сосын өзім оқыған Назарбаев университетінде робототехни­калық медицина мамандығы ашылып жатса, ондағы жастарға бар білген-түйгенімді үйрет­сем деймін. Мұның бәрі енді болашақ­тың еншісінде. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ