Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнтізбесі

ашық дереккөзі

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 24 наурызда еліміздің Венгрия және Куба Республикаларымен дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталар қабылданды. 1993 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республи­ка­сы Еуропалық Даму және Қайта кұру Банкіне мү­шелікке кірді. 1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. 1997 жылғы 22 наурызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ұлы­бри­танияға ресми сапары барысында Букингем сарайында Ели­завета II патшайыммен кездесті. 2000 жылғы 22 наурызда Алматыда қазақтың тұңғыш ин­же­не­рі Мұхаметжан Тынышбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орна­тылды. 2004 жылғы 24 наурызда Астанада Еуразиялық қауымдастыққа мүше мемлекеттер премьер-министрлерінің басқосуы өтті. Қазақ­стан Үкіметінің басшысы Даниал Ахметов төрағалық еткен жиын барысында қауымдастық елдерінің интеграциялық әріптес- тік мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық, энер­гети- калық, әлеуметтік, басқа да салалардағы мәселелер талқыланды. 2012 жылғы 19 наурызда Мәскеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қатысуымен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің және Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтті. 2014 жылғы 25 наурызда Қазақстан мен АҚШ басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады. 2015 жылғы 25 наурызда ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына және алғашқы қазақстандық ЮНЕСКО клубының 10 жылдығына орайластырылған «ЮНЕСКО жолымен: Бейбітшілік. Өнер. Жастар» халықаралық коллоквиумы өтті. 2019 жылғы 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы Қазақстан Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. 2019 жылғы 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Қазақстан халқы алдында ант берді.