Ақтөбелік полицейлер қомақты ақша салынған сөмкені иесіне қайтарды

Ақтөбелік полицейлер қомақты ақша салынған сөмкені иесіне қайтарды

Ақтөбелік полицейлер қомақты ақша салынған сөмкені иесіне қайтарды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері ғимаратта қара сөмкенің иесіз қалғанын айтып, Ақтөбе қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығына күдікті зат табылғаны туралы хабар берген.  «Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жетіп, келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады. Жақын маңдағы аумақты қоршап алды. Табылған зат тексерілді. Сөмкеде жеке заттар, құжаттар және қомақ ақша табылды. Біраз уақыттан кейін сөмкенің иесі анықталды, оған полиция қызметкерлері сөмкені тапсырды», - деді облыстық ПД баспаөз қызметкері Е.Сарқұлов.