Науқас інісін пышақтап өлтірген 17 жастағы бозбала ұсталды

Науқас інісін пышақтап өлтірген 17 жастағы бозбала ұсталды

Науқас інісін пышақтап өлтірген 17 жастағы бозбала ұсталды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 17 жастағы бозбала сырқат інісін пышақтап өлтірді. ҚазАқпараттың Кабар агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, 17 наурыз күні Бішкек қаласы, Первомайский аудандық ішкі істер бөлімінің «102» нөміріне Мурас-Ордо тұрғын алабындағы жекеменшік тұрғын үйден кәмелеттік жасқа жетпеген баланың мүрдесі табылғаны хабарланған. Көз жұмған бала 13 жаста болған. Туыстарының баяндауынша, талма ауруына шалдыққан жасөспірім үнемі күтімді қажет еткен. Сол күні таңертең ата-анасы жұмысқа кетіп, баланы 17 жастағы ағасына тапсырып кеткен. Анықталғандай, баланың өлі денесін жұмыстан оралған анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Ол уақытта үлкен ағасы үйде болмаған. Кейін ол қашып жүрген жерінен қамыс арасынан табылды. Ұсталған бозбала үйде інісіне жарақат салып, жуып-шайған пышағын көрсеткен. Мәлім болғандай, ағайындылар арасында жанжал туындаған. 13 жастағы бала жарақаттары салдарынан есін жинамастан мерт болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.