Елбасы Семейдегі стадионның атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Елбасы Семейдегі стадионның атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Елбасы Семейдегі стадионның атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы қызу талқылануда. Елбасы осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді. «Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс», – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында. Еске салсақ, бұған дейін Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынған еді.