Жыл басынан бері 67 мыңнан аса елордалық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

Жыл басынан бері 67 мыңнан аса елордалық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

Жыл басынан бері 67 мыңнан аса елордалық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді
ашық дереккөзі
«Ал 2020 жылдың 12 айында Нұр-Сұлтан қаласында 186 496 пациент тегін дәрі-дәрмек алды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады» деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі. 2020 жылдан бастап аталған № 666 бұйрыққа ТМККК, ересектер мен балалар санатындағы МӘМС бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Бұйрыққа сәйкес МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер 64 сырқат тобы бойынша дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі. Инфекциялық, протозойдтық, паразитарлық ауруларда, гельминтоз, зең ауруларында, ас қорыту аурулары, иммундық жүйеге әсер ететін қан, ағза және жекелеген бұзылыстарында, жүйке жүйесі, көз ағзалары, есту және тыныс алу, тері және тері асты тіндері, несеп-жыныс жүйесі, сүйек-буын жүйесі, дәнекер тін ауруларында, сондай-ақ жүрек-қан тамыры ауруларында пациенттерге тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін МӘМС жүйесі аясында «СК-Фармация» ЖШС арқылы сатып алынатын, ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесі 225-ке көбейді: 161 препарат – ересек пациенттерді емдеу үшін, 192  препарат – балалар үшін қолжетімді. COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес аясында 2020 жылдың 28 шілдесінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі бұйрықтың ТМККК бөліміне COVID-19 коронавирус инфекциясы нозологиясын: қауіп факторы жоқ жеңіл түрі (клиника ОРВИ) және Пневмония (пациенттерде қауіп факторы бар жағдай) тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету енгізілді. Аталған нозология бойынша берілетін дәрілер: ыстық түсіретін – парацетамол және ибупрофен; антикоагулянттар – Ривороксабан, Апиксабан және Дабигатран. «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің деректері (ТМККК, МӘМС-ересектер, МӘМС-балалар) бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 12 айында 10,9 млрд теңге сомасына 771 952 тегін рецепт бойынша 186 496 пациент тегін дәрі-дәрмек алды. Короновирустық инфекциямен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: Короновирустық инфекция; МӘМС - ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2020 жылы 54,9 мллн теңге сомасына 22 688 рецепт бойынша 17 513 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: Коронавирустық инфекция COVID-19. U07.1; Коронавирус COVID-19, идентификацияланбаған вирус (U07.2) диагноздары бойынша 25 млн теңге сомасына 3 255 рецептімен  2305 пациент дәрілік затармен қамтамасыз етілді.» - дейді Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 687 тегін рецепт бойынша (1,1 млрд теңге сомасына) 67 071 пациент тегін дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 1 907 бала МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 301 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 518 бала; Теміржетіспеушілігі анемииясымен 183 бала; Рахит ауруымен 102 бала; Пневмониямен 252 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 45 бала, т.б. Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында балаларға МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар. Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы @saqtandyrybot телеграмботы 1406 байланыс орталығы Қордың fms.kz сайты арқылы Қорға хабарласыңыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.м