Жаңалықтар

Бортсеріктер маска тақпағаны үшін науқас баланы ұшақтан түсіріп тастады

ашық дереккөзі

Бортсеріктер маска тақпағаны үшін науқас баланы ұшақтан түсіріп тастады

Ұшақтың экипаж мүшелері науқас баланың мүгедектігін мойындаудан бас тартып, оны анасымен бірге ұшақтан түсіріп тастады, деп хабарлайды BBC News.  Төрт жасар баланың анасы Кэлли Кимбаллдың айтуынша, ол 15 наурыз күні аутизммен ауыратын ұлы және күйеуімен бірге Лас-Вегастан Арканзасқа ұшпақ болған. Алайда, Spirit Airlines әуе компаниясының бортсеріктері балада маска болмағаны үшін отбасының ұшуына тыйым салған. Күйеуі қызметкерлерге ұлының диагнозын растайтын медициналық анықтама көрсетіпті. Десе де, бортсеріктер аутизммен ауыру мүгедектік емес  екенін және егер бала қорғаныс маскасын тақпаған болса, ұшуға рұқсат етілмейтінін алға тартқан. "Менің ұлым бетперде тағудан босатылғандар санатында, өйткені маска кигенде оның тынысы тарылып, мазасыздана бастайды, бұл оның денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін", — деді Кимбалл. Өз рейсімен ұша алмаған отбасы American Airlines әуе компаниясының рейсімен ұшуға мәжбүр болды. Аталған ұшақтағы бортсеріктер баланың анықтамасын ескеріп,  қорғаныс құралынсыз бортқа жіберген. Spirit Airlines өкілдігінің хабарлауынша, әуе компаниясының саясаты медициналық диагнозға қарамастан ешқандай жеңілдіктерді қарастырмайды — екі жасқа дейінгі балалардан басқа борттағы барлық жолаушылар қорғаныс маскаларын тағуға міндетті.