Головкин келесі қарсыласын таңдады

Головкин келесі қарсыласын таңдады

Головкин келесі қарсыласын таңдады
ашық дереккөзі
Мексикалық боксшы Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) әзірге өз клиентімен күрескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.  Бельтранның айтуынша, Головкин WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы – жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. «Головкин жапон боксшысын қарсыласы етіп таңдады. Ол – чемпион, сондықтан бұның да рөлі зор. Оның таңдауын құрметтеймін», – деді Бельтран.