Қазақстанда лингвистика ғылым ретінде тоқырауға ұшырады – Қанағат Жүкешев

«Философия языка» атты кітаптың авторы, философ, Қанағат Жүкешевпен қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселесі жайлы әңгімелестік.

Өткен жылдың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді модернизациялау қажет деген бастама көтерді. Бұл мәселені айырықша қолдағаныңызды білеміз. Сіздіңше, бұл қалай жүзеге асады?

Тәуелсіздік жылдары тіл мәселесін шешуге әкімшілік, қаржылық мол ресурс жұмылдырылды. Бағдарламалар қабылданды, қазақ тілінде іс жүргізуге көшетін мерзімі бекітілді. Оқулықтар әлденеше рет қайта жазылды. Тілді оқытатын сағат көлемі үнемі көбейтіп отырды. Тілді білу қажеттігі насихатталды. Мемлекеттік тіл мәселесін талқылаған ғылыми-теориялық, практикалық  конференциялар өткізілді. Түрлі қорлар құрылып, мемлекеттік тілді дамыту бағытында әрекет етті. Зиялы қауым билікке тілдің беделін көтеріп, маңызын арттыруды талап еткен хаттар жөнелтті. БАҚ-та ұсыныстар мен талаптар жарияланды. Тіл жанашырларының ұйымдары құрылып, акциялар өткізді.

Осындай шаралардан кейін де іс алға жылжымады. Жылжуы мүмкін емес те еді. Өйткені, тілді тығырықтан алып шығудың жолы басқа болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мәртебесіне сай қызмет атқарудың ғылыми жолын көрсетті. Президент алдымен қазақ тіліне «реформа жасауды, оны модернизациялау керектігін» ұсынды. Қоғамдық сенім кеңесінің үшінші жиынында «Біз еуропа елдерінің тәжірибелеріне көңіл аударуымыз керек. Олардың жас ұрпаққа тіл үйретудегі маңызы зор» дегенді айтты. Шынайылығында тек осы бағытты ұстану қазақ тiлiнiң индустриялы қоғамда мемлекеттік мәртебесіне сай қызметін толық атқару жағдайын жасап беретін еді.

Тілді «реформалау», «модернизациялау», «еуропалық тәжірибені енгізу» бағыттары қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне сай ғылыми жолмен дамытуды көздейді. Былайша айтқанда, бұл бағыттарды ана тілімізді индустриялы қоғамның нормаланған ресми тілі міндетін атқаруға дайындау деп түсіну керек.

Ол үшін қазақ тілінің нормаланған әдеби тіл корпусы жасақталуы керек. «Әдеби тіл дегеніміз нормаланған тіл. Тілді нормалау атауларды, терминдерді, фразеологиялық бірліктерді стандарттаудан басталады. Тілдік құралдарды стандарттау – олардың айтылу, құрылу, морфологиялық өзгеру т.б. үдерісіндегі түрлі нұсқаларын бір арнаға тоғыстыру; солардың арасынан тілді нормаландырудың негізі болатын, міндетті қолдануға ұсынылатын үлгісін таңдап алу» – деп түсінеді еуропалық тәжірибелерді жақсы ескеретін орыс лингвистері (Ахманова О.С. «Словарь лингвистических терминов». М.: 1969 – ред). «Тілді стандарттау – әдеби тілді дамытудың квинтэссенциясы» (сонда).

Бізде әдеби тіл ұғымының өзінің түсіндіруі бұлыңғыр, бірмағыналылық жоқ. Әдеби тілдің критерийлері мен оған қойылатын талаптарда да нақтылық жетіспейді. Жалпы қазіргі қазақ тілі аграрлы қоғамның жалпыхалықтық лексикасын жалпақ тіл стилінде қолдану деңгейінде қалып отыр. Біз оны индустриялы қоғамның әдеби нормаланған тілінің міндетін атқаруға дайындықсыз қосып жіберіп, беделін әбден түсіріп, өзіміз мазаққа айналдырып отымыз.

Бізде «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» деген  кітап бар емес пе? Аз емес, көп емес, 15 томнан тұрады. Бүкіл қазақ лингвистикасының қаймағы жиналып, жарты ғасыр жасаған еңбегі. Сіз осы «түркі әлемінде жоқ бірегей туындыны» (авторлар солай деп жариялап жүр) жоққа шығарғыңыз келіп отыр ма? Мүмкін осы сұхбатты жариялаудан бас тартатын шығарсыз?

Қазіргі қазақ тілінің бар лексикасын жинақтаған 15 том сөздік «қазақ әдеби тілінің сөздігі» деп аталатыны рас. Бірақ бұл – ұғымды ауыстырып қоюдың қарадүрсін көрінісі. Сөздік толығымен бейәдеби лексикадан тұрады. Өйткені, оны құрастырушылардың әдеби лексика мен бейәдеби лексика туралы түсініктері күңгірт болғандықтан, олардың аражігін анық ажырата алмаған. Соның салдарынан, сөздікті құрастырушылар онысын әдеби тілдің сөздігі деп атап отырғанымен, көлемді бейәдеби лексикамен толтырып қойып отырғандарын аңғармайды.

Мына комедияны қараңыз. Аталған туындының әдеби тілдің сөздігі емес екенін осы еңбектің бас идеологтарының бірі Н.Уәли мырзаның өзі-ақ верификациялап беріп отыр. Көп жыл дайындалған, ұжымдық еңбектің  «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» деп аталатынын ескермей, түсіндірме мақаласында ол былайша ағынан жарылады: «Сөздікте… көркем әдебиет тілінде жиірек кездесетін жергілікті сөздер мен кейбір көне сөздер біршама қамтылды». Ары қарай сөздіктің жауапты редакторы түсіндіруін былай жалғастырады: «көркем шығармаларда кездесетін қарапайым, тұрпайы т.б. бейәдеби элементтерге де сөздікте орын берілді».

Іс мұнымен де бітпейді. Сөздікте Н.Уәли атамаған бейәдеби лексиканың түрлері жетерлік. Мысалы, өңдеуден өтпеген, күрделі редупликациялық құрылымдар (бала-шаға, ем-дом; қағаз-мағаз, қатын-қалаш,..), жасанды қосақталған агнонимдер (ақыл-ес, сана-сезім, ой-өріс,..), вилланолектілік көпнұсқалы сөздер (бір ғана ұғымды білдіретін бір сөздің бұқара арасында 3, 5, 7 немесе оншақты пішінде айтылып жүрген, бейпіл нұсқалары. Мысалы: өмір – ғұмыр; әлем – ғалам; дәуір – дәурен;  адым – қадым – қадам; хақы – құқы – құқығы,..), шаруашылығы шектеулі қоғамның дамымаған тілдеріне тән, арнайы атаулар (бүлдіршін, байтал, құнажын, дөнежін,..), инсультациялар (өңкиген, теңкиген, мәңірейген, сәңірейген,..), арготизмдер, құлап қалу (емтиханда), тіл әкелу (жаудың тылынан), Сайып келгенде бұл жерде біз әдеби тілдің сөздігі деп аталатын жинаққа бейәдеби лексиканың барлық түрі еніп отырғанына куә болып отырмыз. Сондықтан аталған туынды әдеби тілдің сөздігі бола алмайды. Ол – жалпыхалықтық лексиканың жиынтығы. Қазақ лингвистикасында әдеби лексика, бейәдеби лексика, жалпыхалықтық тіл ұғымдарының арасы ажыратылмаған. Әдеби тіл корпусы жалпыхалықтық тіл қорынан іріктелініп алынбағандықтан қазақ әдеби тілінің нормаланған сөздігі жасалған жоқ.

Тілді стандарттау дегеннен шығады. Әдеби норма, әдеби және бейәдеби лексика, сөздердің көпмағыналылық пен көптұлғалылықтан арылуы, тілдегі ұғымдар мен терминдерді бірізділікке түсіру мәселесі аса маңызды екені түсінікті. Алайда бұл неге кешеуілдеп қалды? Бұған кім жауапты?

Өткен ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ тiлiнің жүйелi грамматикасын жасау iстерінiң басында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедов секiлдi iрi қайраткерлер тұрды. Олардың қазақ тілінің қызметін жолға қою бағытындағы жетістіктері Орта Азияның түркітанушыларының ғылыми ізденістеріне де үлгі болды. Қазақ грамматикасының түрлi салалары мен бағыттары бойынша зерттеу жұмыстары жүргiзілдi. Бірақ, сол кезеңде басталған саяси  қуғындар тiл мәселесiмен айналысатын ғалымдарды да сырт қалдырмаған еді. Олардың көбі сонау 30-жылдары-ақ опат болып кетті. Тілді дамыту теориясын жасайтын күш әлсіреп қалды. Қазақстанда лингвистика ғылым ретінде тоқырауға ұшырады.

50-жылдарға дейінгі кезеңде, шектеулі жағдайда болса да, алдыңғы толқынның инерциясымен тілді дамыту бағыттарында құптарлық шаралар да болды. Бірақ, 60-жылдар ішінде қазақ тілін дамыту істері жалғасын таба алмады. Бұл жылдары большевиктер коммунизм құру жоспарын қабылдап, соған сәйкес «ұлттарды қосу», «тілдерді жою» бағытын ашық жүргізе бастаған болатын. Осыдан кейін қазақ тілінің дамуына ашық басынған өктем тосқауыл қойылды. Зиялы қауымның қазақ тілін дамытуға бағытталған әрекеттерінен еш нәтиже шықпайтын болды. Кеңес билігінің қазақ халқының тілдік сәйкестігін болдырмау саясаты XX ғасырдың 80-жылдарының аяғына дейін жалғасып келді.

Оның айқын көрінісі ретінде төмендегі жағдайларды айтуға болады. 1958 жылы Қазақстанда «Қазақ тiлi мен әдебиетi» ғылыми-әдiстемелiк журналы шыға бастады. Әдетте, салалық шаруашылық басылымдарын шығару құзыретi республиканың өз қарауында болса да, дәл осы басылымға қатысты шешiмдi Мәскеу шығарып, екi-үш саны шыққан соң жаптырып тастады.  Себебі белгілі, ғылыми журнал шыққан соң қазақ тiлiнiң мәселелерi ғылыми-теориялық деңгейде зерттеле бастайды, оның арты тiлге, тиiсiнше, мәдениетке, көркем өнерге, мектептегi бiлiм беруге, тiлдiң саясатта, әлеуметтiк өмiрде, экономикалық айналыста қолданылуына қатысты мәселелер түйдегiмен көтерiлетiн жағдайға алып келеді. Ары қарай оның салдары бұл мәселелердiң шешiлуiн талап етуге апарып тiрейдi. Бұл коммунист идеологтардың қазақ тiлiне қатысты жүргiзiп отырған жою саясатына қайшы келеді. Ал тiлдi ғылыми-теориялық зерттеусiз қалдырып, оның өзекті мәселелеріне көңіл аудармай, практикалық ағыспен қоя бергенде, ол бiртiндеп шаруашылықтағы және басқа салалардағы айналыстан шығып қалады, өзiнен-өзi жойылады. Тілдің гуманитарлы салалардағы ішінара қызметі оның мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қолданылуын қамтамасыз ете алмайды, стагнацияға өзі барып тіреледі.

Ол кезде қазақ тілінің өмір сүру ареалы – қазақ ауылдары болды. Рас, ауылдарда газет пен журнал таралып, теледидар арқылы ақпарат таратылып жатты, кітаптар сатылды, мектеп жұмыс істеді, балалар қазақ тілінде сабақ оқып жатты. Алайда, бұлар тілдің қоғамдық прогреспен қабыса дамуын қамтамасыз ете алмады. Өйткені, қазақ тілі өзінің атқаруға тиісті төл функциясымен 50-ден астам қоғамдық өмір аясының 10-ында ғана көріне алды. Бұл – бірінші жағдай. Екіншіден, қазақ тілінің қызметі толыққанды емес, ішінара сипатта, тіл анархиясы мен тіл аномалиясы жағдайында атқарылды, оның қызметі стихиялы ағысқа жіберілді, шектен шығып кеткен семантикалық, синтаксистік, морфологиялық девиация жағдайында өтіп жатты. Осындай келеңсіздіктерді аңғара алған, аздаған ғалым соққыға ұшырады. Оларға «жергілікті тілдерді дамытудың перспективасыз екендігі, Компартияның тіл саясатына қарсы шығуға болмайтыны» ескертілді.

Енді кеңестік идеологтардың қазақ тілін көктетпеуге бағытталған ғылыми ұтымды шараларының бастысына және нағыз сұрқиясына назар аударыңыз: Компартияның нұсқауымен, қазақ тіліне қатысты лауазымды кадрлар іріктеудің ерекше әдіснамасы болды. Ол әдіснама бойынша, қазақ тіліне қатысы бар қызметтерді атқарушылар кәсіпқойлығы кемшін, сауаты мен мәдениеті төмен адамдар арасынан іріктелді. Оларда тілге қатысты конструктивті идея болмады, ағыспен кеткен бағыттары қолдау тауып отырды. Осылай, тілге қатысты қызметтің бәрінде, тіл білімін зерттеу институттарында да бірдеңе білетін, сезетін мамандарға тосқауыл қойылып, әлсіз және кертартпа кадрлар қолдау тауып отырды. Олар нормаланған әдеби тілге қатыссыз еңбектер жазып, атақтар алып жатты. Әдеби тіл дегеннің не екені туралы ғылыми түсініктері болмаса да (қазақ лингвистрінде ондай ұғым әлі бұлыңғыр), әдеби тілдің тарихы туралы «монографияларды» топырлатып шығарып жатты. Міне, лингвистиканың ғылым ретінде тоқырауы осылай, жасанды түрде жүзеге асырылды.

Қазақстанда лингвистиканың ғылым ретінде тоқырауы қандай іс-әрекеттерден көрініс беріп отыр?

– Қазақстанда Тіл туралы заңның қабылданғанына, мінеки, 32 жыл болды. Осы уақыттың ішінде тіліміз мәртебесіне сай қызметін толыққанды атқаратын деңгейге көтеріле алмады. Осының өзі лингвистиканың ғылым ретінде тоқырауының көзге ұрып көрініп тұрған мысалы емес деп кім айта алады?

Отандық лингвистиканың осалдығының қарапайым әрі ең айшықты, бұлтартпайтын бір дәлелін дайындалған мектеп оқулықтарынан  келтіруге болады. Қазірге дейін қазақ тілі оқулықтарының іші ғылыми дәйексіз ақпараттарға тұнып тұр. Лингвистикалық терминдер мен категориялардың мағыналары теріс түсіндірілген. Авторларының ресми стиль туралы түсініктері болмағандықтан, бәрі тұрмыстық стильде жазылған. Соның салдарынан қазақ тілінің 5-сыныпқа арналған оқулығының 1-бетінен 9-сыныпқа арналған оқулығының соңғы бетіне дейін синтаксистік және морфологиялық тұрғыдан дұрыс құрылған, жібі түзу сөйлем табылмайды. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, қазақ тілінің оқулықтары «адамдарды тіл үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді». Отандық ғалымдар қазақ тілінің оқулығын жаза алатындай деңгейге жетпегенін тәуелсіздік жылдарының өзінде талай рет көрсетіп келеді. Бұл үдеріс әлі жалғасын табуда. Кеңестік әкімшіліктің ғылымға сүйенген есебі дәл болды, Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болған кезде жалған лингвистика бағыттап жіберген кеңістікте әлі далбасалап жүрміз. Бұдан шығар қорытынды мынау: соңғы 50-60 жылдың мөлшерінде республикада мыңға тарта филологиядан қорғаған ғылым докторлары мен кандидаттары диплом алып шықты. Олардың жартысынан астамы (525 адам) А.Байтұрсынұлы атындағы ғылыми-зерттеу институтында таза тіл білімінен диссертация қорғағандар. Кеңес кезінде тіл мәселелерімен айналысқан атағы мен дәрежесі айғайлап тұрған тілтанушыларымыздың бәрінің тілді дамытуға қатысты ұстанымдары ғылымилықтан аулақ, бағыттары теріс болып отыр. Шынтуайтына келгенде, біз ондаған жыл бойы тілді дамытумен айналысып отырған жоқпыз, виртуал кеңістікте дөйдала шиырлап жүрміз.

        – Сонымен қазақ тілін қалай біріздікке түсірудің оңтайлы тәсілі бар, ашып айтсаңыз?

Алдымен осы ұғымның толығырақ пішінделуіне көңіл аударайық. Тілді индустриялы қоғамның нормаланған әдеби тіліне қойылатын талаптарға сай дамыту десек, сонда заманауи қазақ тілінің алдында тұрған мақсат айқынырақ өрнектеледі. Осы трендтің шеңберіндегі бір бағыт ретінде тілді бірізділікке түсіру жөнінде сөз болуы мүмкін. Оның өзін тарқатып айтатын болсақ, тілді бірізділікке түсіру деп атауларды, ұғымдарды, терминдерді, ерікті тіркестерді пішіндік жағынан (айтылуы мен жазылуы) және мағыналық жағынан (бірмәнді қолданылуы) стандартқа келтіру дегенді білдіреді. Енді қазақ тілінің мысалына келетін болсақ, біздің тіліміз бірінші кезекте 12-13 мың лексикалық бірлікті жиілік ұстанымымен іріктеп алып, өңдеу, нормалау үдерісінен өткізіп, оны барлық мәтінқұраушы мекемелер мен адамдарға таратып, сонан кейін дұрыс қолданылуын қадағалау деген сөз.

Мұндай жұмыстарды атқару жолын іздеп, велосипед ойлап шығарудың қажеті жоқ. Президент Тоқаев ескерткендей, еуропалық тәжірибе дайын тұр. Оларда бәрі бар. Тек ескертемін, заманауи әдеби тілді орнықтыру көпсалалы, көпқырлы, толып жатқан, сырттай қарағанда, бірі бірімен байланысы аз сияқты болып көрінетін, бірақ бірінсіз бірі жүзеге асырылмайтын бағыттардан тұрады. Ондай жұмыстар ірі ғылыми-зерттеу орталықтарында атқарылады. Нәтижелері жүздеген зерттеу еңбегі мен монографияларда, мыңдаған мақалада жариялануы керек. Біздің елімізде осыларды атқаруға қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Тек істі кейінге қалдырмай, қазір бастап кету керек.

Тілді дамытуға қатысты шаралардың ғылыми жолмен атқарылмауының нендей кері әсерлері болды?

Бұл құбылыстың сыры тіл-ой-әрекет детерминациясы шеңберінде ашылады. Рухани аяларда тартқан зардабымыз ұшан-теңіз. Тілдің тоқырауы ойдың тоқырауына, тиісінше, әрекеттегі берекесіздікке ұласып, бүкіл халықтың рухани аңтарылып қалуына әкеліп соқтырып отыр. Ұлттың рухани өмірі ойсырап тұр. Бұл ойсыраудың мысалдарын өзім емес, өзгелердің – кейбір танымал қайраткерлердің қобалжуынан келтірейін.

Кезінде марқұм Қалихан Ысқақ «Бүгінгі прозамыз сауатсыз. Бір жолын шаршамай оқып шыға алмайсың. Маған бір қап прозаны әкеліп бергенде, жариялауға тұратын бір шығарма таба алмаймын…» деп налыған еді. Осыған ұқсас констатацияны Герольд Бельгер де келтірген болатын. Ол «Сұрғылт белдеуге келіп тірелдік,.. Обскурация фазасы төніп тұр» дегенді айтты. Есенғали Раушанов: «әдеби процесс тоқтап тұр… Поэзияда жаңалық жоқ. Нәтижесінде әдеби өлімге пара-пар жағдайға тап келіп отырмыз» деп түйіндеді.

Көркем өнердің өзге салаларындағы жағдай да осыған ұқсас. Опера және балет театры тәуелсiздiктен кейiнгi кезеңде қазақ тілінде сонау Кеңес кезiнде жазылған, Ә.Кекiлбаев пен Е.Рахмадиевтiң «Абылай ханынан» басқа татымды ештеңе ұсына алмады. Қазақтiлдi авторлар опера мен балет жазатындай, көрермендері оны көріп бағалайтындай деңгейден айырылып қалды.

Қазiргi қазақтар өткен XX ғасырдың 60-70-жылдарында пайда болған, Ш.Қалдаяқов және оның тұстастарының әндерін айтып жүр. Бұл сол кезде өмiр сүрiп, еңбек еткен авторлардың кемеңгерлiгiнiң емес, мәдениеттi жасауда жылжу болмағанының және бұқараның талғамының да өспегенiнiң айғағы.

Көркем өнердегі тоқыру, соның ішінде көркем әдебиеттің тығырыққа тірелуі, саяси-құқықтық, аялардағы келеңсіздіктердің де бәрі тілден бастау алып отыр. Осы мәселелердің бәрі толып жатқан мысалдармен бізде терең және жан-жақты зерттелген. Олар туралы бір сұқбатта айтып тастау мүмкін емес, қажет те емес. Рухани дамуға қатысты сара бағыттардың әрқайсысы халық бұқарасына белгілі бір алгоритм бойынша мысқалдап түсіндірілуі керек.

Лингвистикалық арнайы білімі жоқ, жалпы көпшілікке түсініктірек қылып айтсаңыз?

– Жақсы. Ел дамудың индустриялы басқышына өткенде, аграрлы қоғамның тілінің нормалану үдерісінен өтуі міндетті. Нарық қатынастарының орнауы, тауар өндірісінің жолға қойылуы, шет елдермен экономикалық байланыстардың ұлғаюы, құқықтық қатынастардың алдыңғы лекке шығуы, тілдің алдына қоғам өмірінің барлық аясындағы әрекеттерді репрезентациялау (сипаттай алу) қабілеті болуын талап етеді. Қазақ тілін осы міндеттерді атқаруға дайындау керек болатын. Ол үдеріс сонау 1989 жылы тілге мемлекеттік мәртебе берілген күннен басталуы керек еді. Содан бері, біз болсақ бәрін билік жасауы керек деген теріс нұсқауды санамызға сіңіріп алып, биліктің жағасынан алумен ғана шектеліп келеміз.

– Қысқа қайырғанда, қазақ тілі заман көшіне ілесіп, жаңа сапаға өтеді-ау деген үміт бар ма сізде?

– Тіл – өзінің терең қойнауларында сырларын жасырып жатқан, өмір аяларының бәріне ықпалын тигізіп отыратын, тылсым құбылыс. Оның сырларын ашу тек ғылымның күшін, зерделі зерттеулерді талап етеді. Біз тілге қатысты сұрақтардың жауабын ғылым арқылы іздестіруге енді ғана кірісіп жатырмыз. Ғасыр бойы шешілмей келе жатқан аса күрделі мәселенің енді өз ретімен байыбын табатынына үміт қана емес, сенім де мол. Қазақ тілін мәртебесіне сай қызметін атқара алатындай деңгейге көтерудің барлық мүмкіндіктері бар, стратегиялық бағдар айқын, ғылыми дәйектелген тұжырымдама бар. Енді қауырт іске кірісу керек.

 Әңгімелескен

Бақытбек ҚАДЫР

 

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
16165622 401

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп...
article 45367

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик...
sam 2712 1

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді...

Жаңалықтар

Алексей Цой 15 миллион теңге сыйақыға қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой депутат Азат Перуашевқа жауап қайтарды, - деп хабарлайды Stan.kz. Министрлік "Айтылған фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеді. "Бонустық...

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге дайындық жүріп жатыр

Каспий теңізінің түбін тереңдетуге белсенді дайындық жүріп жатыр. Мамандар мен ғалымдар балықтардың азық базасына қаншалықты шығын келгенін білу үшін су қоймасының түбіне мониторинг жасалуда,...

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМДБ мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық...

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және...

Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы жаздырып алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің халықты вакцинамен қамту жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына...

Жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты министрлік пікір білдірді

Қаржы министрлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен МКК қызметкерінің ұлына қатысты жағдайға қысқаша түсініктеме берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. - Бұл комитетке де, министрлікке де қатысы...

Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro. Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан...

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық...

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан...

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Нayat-Vax вакцинасын салу басталды. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы үш вакцинаның біреуін таңдай алады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық...

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион...

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz. "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер...

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін...

Латын графикасына көшу мәселелері талқыланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу - қазақ тілінің ауқымды реформасы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. 4 сағатқа созылған бұл жиынға...

P4P рейтингі: Геннадий Головкин оныншы орынға түсті

Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz. ТОП-10 үздігі болып WBA...

Мәжіліс төрағасы қазақстандық вакцина шығаратын зауытты сынға алды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды. «Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары...

Пойызбен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамына қарасты «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз алып өтпек болғанын...

Әділ Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми...

Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады. Бұл ретте вакцинаның екі компонентін...

Бүгін – ұлттық театрдың негізін қалаушы Серке Қожамқұловтың туған күні

125 жыл бұрын (1896-1979) актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек...

Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды

Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен...

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал маңындағы Деркөл кентінде газ құбырын ұстап, тоққа түскен 6 жасар қыз мерт болды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде...

5 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1918 жылы 5 мамырда Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде...

Түнде үй-іші ұйықтап жатқанда 3 жасар бала оянып, далаға шығып кеткен

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүргені анықталды. Түнгі уақытта кезекті шақыртуға шыққан полицейлер адасып қалған баланы тауып алған. Облыстық ПД...

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат....

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман күтіледі

5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел,...

Үндістанда сайлауда Сталин жеңіске жетті

Үндістанның Тамилнад штатында өткен аймақтық сайлауда елге белгілі саясаткер Мутхувел Карунанидхи Сталин жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол жергілікті әкімшіліктің төрағасы қызметін атқаратын болады, деп...

Вакцина алғандарға сыйлыққа сыра берілетін болды

Нью-Джерси штатының (АҚШ) губернаторы Фил Мёрфи Twitter-дегі жеке парақшасында коронавирусқа қарсы вакцина алған 21 жастан асқан тұрғындарға сыйлық ретінде сыра берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы...