Сегіз айлық сәбидің денесі су толтырылған ваннадан табылды

Сегіз айлық сәбидің денесі су толтырылған ваннадан табылды

Сегіз айлық сәбидің денесі су толтырылған ваннадан табылды
ашық дереккөзі

Ресейдің Омбы қаласында су толтырылған ваннадан сегіз айлық баланың денесі табылды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. 

"2021 жылғы 13 наурызда  Омбы қаласының Киров округіндегі үйдің пәтерінде сегіз айлық баланың денесі табылды, қылмыстық кодекстің 105-бабының 2-бөлігінің" в" тармағында (сәбиді өлтіру) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмысты баланың 27 жастағы анасы жасаған болуы мүмкін. Әйел баланың денесі табылған күннің ертеңіне ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, ол белгісіз заттан уланған. Тергеушілер екі өлімнің де себептерін анықтауда.