Дәрігерлер қателікпен ер адамның сау көзін алып тастады

Дәрігерлер қателікпен ер адамның сау көзін алып тастады

Дәрігерлер қателікпен ер адамның сау көзін алып тастады
ашық дереккөзі
Украинаның Хмельницкий қаласындағы ауруханалардың бірінде дәрігерлер ісіктің орнына науқастың сау көзін алып тастады. Бұл жөнінде ТСН бағдарламасының сюжетінен белгілі болды.  Екі жыл бұрын Василь Племьяник көзі ауырып, дәрігерлерге жүгінген. Ақ халаттылар оған қабақ жарасы диагнозын қойып, көзін алып тастаған, өйткені дәрігерлердің айтуынша, "көзі шіріп кетуге шақ қалған". Алайда отадан кейін ауырсыну басылмаған, уақыт өте келе күшейе түскен. Науқас Киевтегі нейрохирургия институтына ауруханаға түскен кезде дәрігерлер ауырсыну ісіктен туындағанын анықтады. Дәрігерлер тамаққа және оң жақ танауға жақындаған өскін кем дегенде 15 жыл бұрын пайда болғанын атап өтті және науқасты ісікті алып тастау операциясына жіберді. "Көз сау болған екен, ісіктің қысымы салдарынан ауырған", — дейді журналистерге шағымданған науқастың қызы. Институт дәрігерлері әріптестерінің біліксіздігіне таң қалғанын айтты. Бөлім меңгерушісі Владимир Федирко науқасқа компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томография (КТ және МРТ) жасамастан көзді ампутациялауға қалай жол берілгенін түсінбегенін атап өтті.