Елбасы шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс болды

Елбасы шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс болды

Елбасы шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс болды
ашық дереккөзі
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен; Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада. Елбасы шешімімен Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне Расул Қабдоллаұлы тағайындалса, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметін атқару міндеті Данияр Нұрашұлы Есинге жүктелді.