Әлемнің ең қауіпсіз елі туристер үшін шекарасын бір ғана шартпен ашты

Әлемнің ең қауіпсіз елі туристер үшін шекарасын бір ғана шартпен ашты

Әлемнің ең қауіпсіз елі туристер үшін шекарасын бір ғана шартпен ашты
ашық дереккөзі
Әлемнің ең қауіпсіз елдері рейтингісінде бірнеше рет көш бастаған Исландия  билігі туристер үшін шекараны бір шартпен ашты — саяхатшылар коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің сайтындағы мәлімдемеде айтылған. Енді Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) мақұлдаған препаратпен егілген барлық шетелдіктерге Исландияға сапар кезінде карантинде болудың немесе COVID-19 тестін тапсырудың қажеті болмайды. Бұдан бұрын бұл ереже тек Еуропалық Одақтың тұрғындары мен Еуропалық экономикалық аймаққа мүше елдерге ғана қолданылған еді. Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоттир түсіндіргендей, мемлекетке кіретін барлық шетелдіктерге қатысты осындай шараларды қабылдау туралы шешім "олардың қазіргі саясатының қисынды жалғасы" болып табылады.