Алматыда жүк көлігі әйел мен баланы қағып кетті
Алматыда жүк көлігі әйел мен баланы қағып кетті
Алматыда жүк көлігі баласы бар әйелді қағып кетті.
Қалалық полиция басқармасы жол апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Facebook қолданушысы Марина Салиеваның айтуынша, оқиға 15 наурыз күні таңғы сағат 09:30 болған. Павлодар көшесіндегі аялдамада жүк көлігінің жүргізушісі екі адамды қағып кеткен.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факт ҚРҚК 345-бабы, 2-бөлігі (Жол қозғалысын бұзу) бойынша жүргізіліп жатыр.
«Зардап шеккендердің жол апаты кезіде алған жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өндіріс объективтілік, толықтық және жан-жақты принциптерін қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Осы оқиғаны әлеуметтік желіде баяндаған автордың дәлелдері негізсіз және қоғамды адастырады», - деп түсіндірді полициядан.