Құрбандардың барлығы Азия азаматтары: АҚШ-та спа-салондарға шабуыл жасалып, 8 адам оққа ұшты

Құрбандардың барлығы Азия азаматтары: АҚШ-та спа-салондарға шабуыл жасалып, 8 адам оққа ұшты

Құрбандардың барлығы Азия азаматтары: АҚШ-та спа-салондарға шабуыл жасалып, 8 адам оққа ұшты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Джорджия штатында үш СПА-салонға шабуыл жасалып, салдарынан 8 адам ажал құшты, деп хабарлайды Lenta.ru Бірінші шабуыл Чероки округінде салонында болған. Массаж салонына кірген қаскүнем бей-берекет оқ жаудырған. Салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауруханада жан тапсырды. Полиция олардың салон қызметкерлері немесе клиенттер екенін нақтылаған жоқ. Өзге екі шабуыл Атлантада біріне жақын орналасқан Gold Spa және Aroma Therapy Spa салондарында болды. Алғашқы спа-салонда 3 әйелдің, екіншісінде бір келіншек оққа ұшты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандардың барлығы Азия елдерінен келгендер. Полиция бірінші салонда оқ атқан күдіктіні қамауға алды. Тергеушілер үш оқиғаның арасында байланыстың бар-жоғын тексеріп жатыр.