Елордада 84 жастағы қарияны пышақпен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Елордада 84 жастағы қарияны пышақпен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Елордада 84 жастағы қарияны пышақпен қорқытып, тонап кеткен күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Елордада 84 жастағы қарияны соңынан аңдып жүріп тонаған күдікті ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қарияның соңына банктен депзиттегі ақшасын алып шыққан бойда түскен. Дәріге деп шешкен 300 мың теңгесін алып, қария бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген ғимаратқа кіреді. Осы сәтте артынан бейтаныс адам келіп құлатады да, үстелдегі пышақты қарияға оқтап, ақшасын тартып алады. «Күдікті көп өтпей қолға түсті. 42 жастағы елорда тұрғыны бұрын да бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ол кінәсін мойындап отыр. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қлымыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.