KASE: доллар арзандады

KASE: доллар арзандады

KASE: доллар арзандады
ашық дереккөзі
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 наурыз кешімен салыстырғанда 0,77 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 418,15 теңгені құраған. Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,94 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 419,41 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 417,86 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 418,35 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу – 417,29 теңге.