Наурыз мерекесінде қазақстандықтар неше күн демалады?

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар неше күн демалады?

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар неше күн демалады?
ашық дереккөзі
Биыл қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады. Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады. Дегенмен, биыл 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады. Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.