Жаңалықтар

ДСМ коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы мәлімет берді

ашық дереккөзі

ДСМ коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы мәлімет берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың хал-жайы туралы айтты. 17 наурыздағы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда короновирус инфекциясынан 19 632 адам (15 820 КВИ+ және 3 812 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 370 пациент стационарда, 14 262 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 237 адамның жағдайы ауыр; - 56 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.