17 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
17 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен 17 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді.
Маңғыстау облысында жел қарқыны кей жерлерде 23-28 м/с дейін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с.
Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі.
Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.