Жұмабек "бажа" жұмысынан кетті

Жұмабек "бажа" жұмысынан кетті

Жұмабек "бажа" жұмысынан кетті
ашық дереккөзі
Отырар ауданы әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы болған, майор Жұмабек Төлеген лауазымынан айырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. «Жұмабектің бажасымын» деген атпен елімізге таралған видеоның кесірінен Түркістан облысы Отырар ауданы әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы болған, майор Жұмабек Төлеген лауазымынан айырылды. Бұл туралы баяндаған Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Жұмабек Төлеген ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы нөмірі 358 бұйрығымен бекітілген полиция стандарттарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің тармақшаларын бұзғандығы үшін атқарып келген лауазымымнан босатылды. Қазіргі таңда резервте. Алдағы уақытта ұсыныстар бойынша полиция департаментінде жұмыс істей береді.