Нұр-Cұлтанда 35 қабатты үй сүріледі

Нұр-Cұлтанда 35 қабатты үй сүріледі

Нұр-Cұлтанда 35 қабатты үй сүріледі
ашық дереккөзі
Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Байжанов Мүлік иелері бірлестіктерін құру мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда осы аудандағы 174 үй жөндеуді қажет ететінін айтты. «Аудандағы тұрғын үй қорының сапасын жақсарту үшін 2020 жылы үйлерді түгелдей паспорттаған болатынбыз. Әр үйге төлқұжат жасап, проблемасын жеке-жеке қарадық. Паспорттау қорытындысы бойынша 446 үйдің 206-да ғана ақау жоғы белгілі болды. 174 үйді жөндеу қажет. Оның ішінде 53 үйдің жағдайы өте мүшкіл. Ауанымызда ескі үйлерді сүру мәселесі де өзекті. Жөндеу көмектеспейді деген 35 көпқабатты үй бар. Оның алтауы 63-76 пайыз арасында тозған. Ал 29 көпқабатты үй 33-59 пайыз арасында тозған. Ескі үйлерді сүрудің 2023-2025 жылдарға жоспарланған үшінші кезеңіне осы үйлер енейін деп тұр», – дейді әкімдік өкілі. Сондай-ақ, ол барак типтегі 29 үйдің де сүрілетінін айтты. «Барак типіндегі 29 үй сүріп тастауға жатқызылған. Олардың тозу көрсеткіші 50-77 пайыз арасында. Паспорттау қорытындысы бойынша ақау табылған үйлердің сапасын жақсарту туралы жұмыс жоспары жасалды. Тұрғындар арасында тұрғын үй шарушалығын жаңғырту бағдарламасы белсенді түрде түсіндіріліп жатыр. Қазір 17 үйді осы бағдарламаға дайындап жатырмыз. Тағы 3 үйдің құжаты бір аптаның ішінде бітеді. Биыл 20 үйдің құжатын дайындасақ, қалғаны келесі жылға қалғалы тұр», – деді Жасұлан Байжанов.