ШҚО-дағы ауылда балалар газдан уланды

ШҚО-дағы ауылда балалар газдан уланды

ШҚО-дағы ауылда балалар газдан уланды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 15 наурыз күні екі бала газдан уланып қалды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Секисовка ауылында тұратын 2006 жылы туған жасөспірім мен 2013 жылы туған оның әпкесі Ана мен бала орталығына түскен. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен. Балалармен бірге үйде әжесі қалған. Түскі астан кейін балалар ауырып тұрғандарын айтып, анасына хабарласқан. Анасы дереу жедел жәрдем шақырып, балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды. Әжесі газдан уланған жоқ. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері пәтердегі жылыту пешінің ас үйде орналасқанын анықтады. Балалар пештің жарамсыздығынан және оның түтінді дұрыс тартпауынан уланып қалды. Мамандар арнайы құралдың көмегімен үйдегі көміртегі тотығының мөлшерін өлшеді. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін Глубокое ауданының ТЖБ мамандары тек жарамды пеш жабдықтарын пайдаланып, пештің құрылысындағы жарықтарды уақытында жөндеуді, мұржаны уақтылы тазалап тұруды ескертті. «Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз», –делінген хабарламада.