Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істейді
Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істейді
«Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында уыттылық пен түтіндікті өлшеу үшін қалаға кіреберісте 19 экопост орнату жоспарлануда.
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Құлжа тас жолындағы газ талдағыш пен түтін өлшегішпен жабдықталған бекеттің дайындығын тексерді.