Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істейді

Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істейді

Алматыға кіреберісте жаңарған экопостар жұмыс істейді
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында уыттылық пен түтіндікті өлшеу үшін қалаға кіреберісте 19 экопост орнату жоспарлануда.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Құлжа тас жолындағы газ талдағыш пен түтін өлшегішпен жабдықталған бекеттің дайындығын тексерді.

 width=

«Жұмыс сапарымен Құлжа тас жолындаорнатылған жаңа экологиялық бекетке бардым. Мұнда көп компонентті газ талдағыштың көмегімен бензин және газбен жүретін көліктен шығатын улы газдың құрамындағы көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, азот оксиді, оттегі тексеріледі. Дизельді отынмен жүретін көліктердегі газдың түтіні де тексеріледі», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Алатау ауданында 7 экологиялық бекет, Жетісу ауданында 3 экологиялық бекет орнату жоспарланған.

Алғашқы екеуі Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінде жақын күндері іске қосылады. Тестілік режимде тексеру кезінде уыттылық нормасынан асатын шамамен 5 мың жеңіл және 1 мыңнан астам жүк автомобильдері анықталды.

Бұдан бөлек, жақын арада газ талдағыштармен түтін өлшегіштермен жабдықталған жылжымалы экологиялық патрульдер де жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, барлық эко-бекеттерде онлайн-карта мен LED-дисплейлерде деректерді шығара отырып, ауа сапасын өлшеу станциялары орнатылады.