Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды

Алматы полициясында «Adaldyq alańy» жобасы іске қосылды
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің озық тәжірибесі үлгісінде Алматы қалалық полиция Департаментінде және оның барлық бөлімшелерінде «Adaldyq alańy» фронт-офисі ашылды. Кеңсені Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаров ашты.  width= «Мақсат – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру. Жобаны жүзеге асыруға ішкі істер қызметтерінің және бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ қоғамның өзі қатысады. Жобалық кеңсенің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін ұсыныстарды жинау, қалыптастыру, себептер мен жағдайларды жою бойынша жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу. Олар қоғамдық талқылауға шығарылып, ұжымдық түрде қаралатын болады», – деді Қанат Таймерденов. Алматыдағы «Adaldyq alańy» кеңсесін белгілі журналист Василий Шупейкин басқарады. Санитарлық-эпидемиологиялық стандарттар толыққанды сақталған ПД-нің фронт-кеңсесінің есігі барлық азамат үшін ашық. Мұнда білікті мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес береді. Азаматтардың мүдделері бірінші кезекке қойылады, сонымен қатар ашықтық пен айқындылық, қоғамның сенімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаттарын іске асырылады. «Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Біз барлық мемлекеттік органдарда «Адалдық алаңының» фронт-офистерін ашуды жалғастырудамыз. Мемлекеттік органдардағы мұндай өзгеріс күнделікті сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді», – деді, Нығмеджан Сапаров.