Қазақстанда ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі өседі

Қазақстанда ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі өседі

Қазақстанда ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі өседі
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігі 2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаражат көлемі ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін өсетінін мәлімдеді.  «Былтыр Ұлттық ғылыми кеңестің құрамы жаңартылып, жұмысының жаңа қағидалары бекітілген болатын. Жобалардың экономикалық сараптамасы мен Ұлттық ғылыми кеңес көрсеткішін саралау рәсімі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама енгізілді. 2021 жылы алғаш рет ғылыми ұйымдарды жаңғыртуға 2,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл 22 ғылыми-зерттеу институтының материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді», – делінген министрлік таратқан хабарламада. Қысқа уақыт ішінде биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өте маңызды жұмыс жүргізіп, бірден 5 вакцина әзірледі. «Олардың алғашқы екеуі клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтуде. Отандық вакциналар өндірісін іске қосу үшін GMP-нің барлық талабына сәйкес келетін зауыт салынып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында. Сондай-ақ, бұл ақпараттық қағазда ғылымды қаржыландыруды одан әрі ұлғайту жоспарланып отырғаны сөз болған. «2025 жылға қарай ғылымға арналған қаражат ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін өседі. Бұл қазақстандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді», – делінген хабарламада.