Елімізде колледждерге қабылдау емтиханы болмайды – БҒМ

Елімізде колледждерге қабылдау емтиханы болмайды – БҒМ

Елімізде колледждерге қабылдау емтиханы болмайды – БҒМ
ашық дереккөзі
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, БҒМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қаражатты нақты студентке бекіту ұстанымы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігін даярлады. «Егер осыған дейін өңірлердің білім басқармасы колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастырса, енді жаңа механизм бойынша ЖОО-ға және «Балапан» бағдармасына ұқсас абитуренттер колледжді әрі мамандықты өздері таңдайды», – деді вице-министр Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында. Осы орайда ол жаңа ереже бойынша абитуренттер колледжге қалай түсетінін айтып берді. «Жаңа механизмге сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтардан бөлек, колледждерде қабылдау емтиханы болмайды», – деді Б.Асылова. Бұдан бұрын хабарланғандай, техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастырудың жаңа ережесі әзірленді. «Министрлік кадрлар бойынша экономиканың орта әрі ұзақ мерзімдегі қажеттігінің болжамын, өңірлік еңбек нарығын және жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыррдың ережесін әзірледі», – деді БҒМ өкілі.