Ұшақ апаты: ауруханада жатқандардың жағдайы туралы мәлімет берілді

Ұшақ апаты: ауруханада жатқандардың жағдайы туралы мәлімет берілді

Ұшақ апаты: ауруханада жатқандардың жағдайы туралы мәлімет берілді
ашық дереккөзі
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы туралы айтты. Нариман Табынбаев 13 наурызда болған әуе апатынан зардап шеккен екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 18:05-те өте ауыр жағдайда түскенін айтты. «1990 жылы туған науқастың диагнозы: аралас жарақат, бассүйек-мидың жабық жарақаты, кеуде қуысының көптеген сынуы, аяқтың сынуы, іш жарақаты, өкпенің жарақаттануы және 15% күйік шалу. Ауруханаға түскен алғашқы минуттан бастап ол шокқа қарсы шаралар қабылдады. Барлық күш жағдайын тұрақтандыруға бағытталды.Сынған аяғына жедел хирургиялық операция жасалды. Екінші науқас 1996 жылы туған. Оған да түрлі дене жарақаты диагнозы қойылды. Бас сүйек-мидың жабық жарақаты, оның омыртқасы сынған. Екеуі де білікті мамандардың бақылауында», – деді Нариман Табынбаев. Оның айтуынша, олардың өміріне төнген қауіп сейілді. «Десек те үлкен жарақат бар екенін түсінуіміз керек. Сондай-ақ, асқындыратын фактор бар – ол күйік жарақаттары. Олардың өзіндік кезеңдері бар. Сондықтан, қандай да бір асқынулардан қорқамыз. Барлық маман жұмылдырылды: реаниматологтар, травматологтар, хирургтер. Біз олардың өмірін сақтап қалу үшін күресеміз. Қазір сырттан маман шақырудың қажеті жоқ. Біздің науқастардың жағдайы тұрақталады деп сенеміз», – деді маман.