Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Елордада қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

ашық дереккөзі

Жаңа қаулы: Елордада қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

Елордада Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» жаңа қаулысы шықты.  Қаулыда меншік нысанына және штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшетіні айтылған. Сауда нысандарында, қызмет көрсету саласындағы нысандарда, қоғамдық көлікте және халық көп жиналатын жерлерде дезинфекциялық шаралар жүргізу жұмыстарын күшейту қажет. Қалалық қоғамдық көлік жұмысын жұмыс және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесі мен жексенбі күндері жұмысқа тыйым салу (қарбалас уақытта автобустар санының ұлғайту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің маска киуі) арқылы қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге, күшейтілген санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, қалааралық, облысішілік автобус және микроавтобус тасымалдары жұмысын, жұмыс және демалыс күндері діни бірлестіктер нысандары (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) жұмысын, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым сала отырып және онда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары жұмысын күшейтілген санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып ұйымдастыру керек. Қаулыда оффлайн кеңестер мен отырыстар өткізу оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің № 68 қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып жүргізу жазылған.