Маман шаш пен тырнақ жағдайының нашарлауы қандай аурудың белгісі екенін айтты

Маман шаш пен тырнақ жағдайының нашарлауы қандай аурудың белгісі екенін айтты

Маман шаш пен тырнақ жағдайының нашарлауы қандай аурудың белгісі екенін айтты
ашық дереккөзі
Терапевт Арина Жегалина "Пятый каналға" берген сұхбатында гемоглобин мен қандағы эритроциттердің төмен деңгейімен сипатталатын анемияның себептері мен салдары туралы айтты. Оның айтуынша, ағзадағы қаназдықты шаш пен тырнақ жағдайының нашарлауы көрсетуі мүмкін. "Анемиясы бар адамдар жұқпалы аурулармен жиі ауырады, жаңа коронавирустық инфекцияны ауыр өткередеі, Сондай-ақ, мұндай науқастарда трофика бұзылады, яғни шаш пен тырнақтың жағдайы нашарлайды", — деп түсіндірді Жегалина. Дәрігер ағзадағы темір тапшылығы анемияға әкеліп соғатынын атап өтті. Бұған жануарлардан алынатын өнімдерді жеткіліксіз тұтыну, көп мөлшерде қан жоғалту, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының бұзылуы себеп болуы мүмкін. "Анемия адам өміріне қауіп төндіретін ауруларға әкелмейді, бірақ қаназдығы бар адамдарда әлсіздік, шаршағыштық, көңіл-күйдің төмендеуі және бас ауруы жиі кездеседі", - деп атап өтті дәрігер.