Жаңалықтар

16 наурыз: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

ашық дереккөзі

16 наурыз: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

16 наурыз Қазақстан тарихында бірқатар елеулі оқиғалармен есте қалды. 1992 жылы жеке әскери құрылым және Қарулы Күштердің резерві ретінде Қазақстанның Республикалық ұланы құрылды. Бүгінде ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне кіреді, Нысандарды қорғау қызметі (Республикалық ұлан) деп аталады және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 13 Жарлығымен нысандарды қорғау қызметі ерекше мақсаттағы күш болып қайта құрылды. 1998 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары ғылыми-зерттеу институтының атауы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы болып өзгертілді. 2009 жылы Алматыда «Алашорда» деректі фильмі таныстырылды. Фильмнің режиссері – қазақстандық танымал кинематографист Қалила Омаров. Фильм Қазақстан Республикасының ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырмасымен «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналып түсірілген. 52 минуттық фильмнің сценарийін жазған – Болат Мүрсәлім, композиторы – Ақан Мұсақұлов. 2012 жылы Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы «Азалы кітаптың» 9-басылымын шығарды. «Азалы кі­таптың» бұл шығарылымы қызыл террор кезеңінде Алматы қаласы маңындағы «Жаңалық» қорымында жатқан жазық­сыз құрбандардың есімдерін жаң­ғыртуға арналды. Кітапта 1937-1946 жылдар аралығында атылып, Жаңалық ауылы маңындағы қорымға көмілген 4 121 адам туралы қысқаша мәліметтер берілді. 2012 жылы Нью-Йорк университеті жанындағы Ежелгі әлемді зерттеу жөніндегі институт ғимаратында «Көшпенділер және олардың байланыстары: Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениеті» («Nomads and Networks: The Ancient art and Culture of Kazakhstan») деген атаумен бірегей көрме ашылды. 2016 жылы халықаралық жеке құқықтар бойынша Гаага конференциясының жалпы істер және саясат кеңесінің отырысында Нидерланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне Қазақстан Республикасының Гаага конференциясына қосылуға ниет білдірген хаты тапсырылды. 2018 жылы Қазақстан астанасында Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінде кепіл елдердің сыртқы істер министрлері кездесті. Иран, Ресей, Түркия СІМ басшыларының кездесуі жақын болашақтағы үш жақты өзара ықпалдастықты айқындап, Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі ынтымақтастықтың алғашқы жылында қол жеткізілген нәтижелерді талқылау мүмкіндігін берді. 2018 жылы Қазақстанның астанасында Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Астанада алғаш рет өткен Иран, Ресей және Түркия СІМ басшылары деңгейіндегі кездесу алдағы уақытта үш жақты өзара іс-қимылды айқындауға және ортақ жұмыс уақытында Сириядағы жағдайды реттеу бойынша ынтымақтастықтың бірінші жылында қол жеткізілген нәтижелерді талқылауға мүмкіндік берді. 2018 жылы Қазақстандық «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальдің «Өмір жетістіктері» аталымында «Үздік көркем фильм» наградасын жеңіп алды. Кинофестиваль «Киноматографтағы әйелдер» тақырыбындағы форум аясында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық киноматографистер қатысты. 2019 жылы Норвегияда өткен Әлем кубогында қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко трамплиннен шаңғымен секіруден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Елдің ең жоғары жетістігі енді 199,5 метрді құрап отыр.