Моңғолиядағы қазақ депутат оқушыларға стипендия тағайындады
Моңғолиядағы қазақ депутат оқушыларға стипендия тағайындады
Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеухан Моңғолияның Жоғарғы оқу орындарына ілестіру (ҰБТ) сынағынан ең жоғарғы ұпай жинаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөг стипендия тағайындады. Бұл туралы Моңғолия Парламенті депутатының баспасөз қызметі хабарлады.
Моңғолия Парламентінің депутаты қандасымыз Әубәкір Тілеуханның бастамасымен Баян-Өлгий аймағының жалпы білім беретін мектептердің 12 сынып оқушыларына ұлттық бірынғай тестілеу сынағына онлайн дайындығын ELAB Education Academy орталығының көмегімен жүзеге асырады.
Биыл Баян-Өлгей аймағында 12 сыныпты 1 680 оқушы бітіреді екен.
"Жоба аясында математика, моңғол тілі, физика, химия, қоғамтану, ағылшын тілі пәндерінен дайындық жұмысы маусымның 28 күніне дейін жалғасады. Ковид-19 пандемиясына байланысты ҰБТ-ға арналған оқытулар шектеулі болып тұрғаны белгілі. Бұл жоба арқылы қашықтықтан Моңғолияның үздік 150-ге жуық ұстазынан тәлім алуға болады", - дейді халық қалаулысы Әубәкір Тілеуханұлы.
Депутат алдағы уақытта білім саласы, соның ішінде Баян-Өлгей аймағының білім сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілігін арттыру жұмысына атсалысатынын айтты.
Сондай ақ, 12 сыныпты табысты білім берген нәтижесі жоғары үздік 6 мұғалімге ынталандыру сыйлығы және ҰБТ сынағынан Баян-Өлгей аймағы бойынша ең жоғары балл жинаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөг көлемінде сптипендия тағайындайтынын мәлімдеді.