"Соғыстарда мұнша адам қырылған жоқ": Нью-Йорк мэрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады
"Соғыстарда мұнша адам қырылған жоқ": Нью-Йорк мэрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады
Нью-Йоркте коронавирустан қайтыс болғандар саны Екінші дүниежүзілік соғыс, Вьетнам соғысы, Сэнди дауылы кезінде және 11 қыркүйектегі террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың жалпы санынан әлдеқайда көп. Бұл туралы қала мэрі Билл Де Блазио мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бір жыл ішінде Нью-Йоркте індеттен 30 мыңнан астам адам қайтыс болған. Жексенбіде қалада коронавирус құрбандарын еске алу рәсімі өтті.
"Күн сайын ең бірінші қарайтыным - аурудан қайтыс болғандардың саны мен тізімі. Індеттің кесірінен қаншама қала тұрғынынан айрылдық, қаншама досымызды, туысымызды жоғалттық. Бүгінде олардың саны 30 мыңнан асады", - деді шаһар басшысы.
Өткен жылдың көктеміндегі коронавирустың алғашқы толқыны кезінде Нью-Йорк АҚШ-тағы індет ошағы болды. Эпидемиологиялық ахуал қатты ушыққан уақытта тәулігіне 3 мыңнан астам адам ауруханаға түсіп, 700-ден астам науқас қайтыс болды.