Алматыдағы ұшақ апаты: Ауруханада жатқан ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы ұшақ апаты: Ауруханада жатқан ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы ұшақ апаты: Ауруханада жатқан ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы туралы айтып берді. Дәрігердің айтуынша, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ. «13 наурызда болған әуе апатынан зардап шеккен екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 18: 05-те өте ауыр жағдайда түсті. Екеуінің жағдайына қатысты ауруханалар мен ведомстволық медициналық қызмет мамандарынан тұратын қалалық консилиум өтті. Зардап шеккендерді емдеп жатырмыз, бірақ жағдайлары өте ауыр», - деді Жандос Дәулетбеков. Еске сала кетейік, сенбі күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.