Маман денсаулыққа нұқсан келтіретін үш әдетті атады
Маман денсаулыққа нұқсан келтіретін үш әдетті атады
Польшаның Wirtualna Polska порталы адам денсаулығына зиянын тигізетін үш әдет жайлы жазды.
Автордың айтуынша, тойып түскі ас ішкеннен кейін ұйықтау пайдалы әдет емес. Қозғалыссыз жату ас қорыту процесін бұзып, тағамның ас қорыту жүйесі арқылы жылжуын қиындатады. Салдарынан метеоризму және іштің кебуі секілді түйткілдер тууы мүмкін.
Сондай-ақ, автор тамақтан кейін шай ішуден бас тартуды ұсынады. Ол сусынның кез-келген түрі кейбір қоректік заттар мен минералдардың ағзаға сіңуін қиындататынын атап өтті. Ал анемияға бейім адамдарда шай темірдің сіңуін 87 пайызға төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл сусынның рН деңгейі төмен, бұл автордың пікірінше, ақуыздар мен майларды қорыту процесіне теріс әсер етеді.
Сонымен қатар, тамақтанғаннан кейін спортпен шұғылдану да денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Қарқынды физикалық белсенділік ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Бұл ас қорытудың бұзылуына және асқазанн ауруына әкеліп соғуы ғажап емес.