Grammy сыйлығы лауреаттарының толық тізімі жарияланды

Grammy сыйлығы лауреаттарының толық тізімі жарияланды

Grammy сыйлығы лауреаттарының толық тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
АҚШ-та кезекті Grammy музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.  Пандемияға байланысты 63-ші рет өтіп отырған рәсім гибридтік форматта болды: негізгі іс-шаралар Лос-Анджелестегі Staples Center кешеніндегі бірнеше сахнада өтті, ал Лос-Анджелестегі Troubadour және Hotel Caf клубтарынан, Нью-Йорктегі Apollo және Нэшвиллдегі Station Inn алаңынан трансляцияланды. Сыйлықтың биылғы жеңімпаздары: «Жыл әні» I can't breathe (H.E.R., Having Everything Revealed, шын аты - Габриэлла Уилсон) «Жыл альбомы» Folklore (Тейлор Свифт) «Жыл жазбасы» Everything I wanted (Билли Айлиш) «Үздік жаңа орындаушы» Меган Пити (Megan Thee Stallion) «Поп-музыка жанрындағы үздік жеке орындаушы» Гарри Стайлс (Watermelon Sugar) «Үздік музыкалық видео» Brown Skin Girl «Поп-музыка орындаушы үздік дуэт/топтық орындау» Леди Гага мен Ариана Гранде (Rain on Me) «R&B жанрындағы (Rhytm және Blues) үздік ән» Black Parade (Бейонсе) «Үздік рэп-ән» Savage (Бейонсе мен Megan Thee Stallion дуэті) «Үздік заманауи христиан альбомы» Jesus is King (Канье Уэст) Еске сала кетейік, Grammy иегерлері қатарында отандасымыз Иманбек Зейкенов те бар. Оның SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі «Ең үздік ремикс» аталымында үздік деп танылды.