Ыстанбұлдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

15 наурыз, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Ыстанбұлдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды 14 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте елімізге 4 646 жолаушы ұшып келді. Олардың 3 853-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 793-і анықтамасыз келген, барлығы да – ҚР азаматтары. Атап айтқанда: «Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде», – делінген ақпаратта. Сондай-ақ 13 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 401 азаматының ПТР-талдау нәтижесі дайын болған. Тест қорытындысына сәйкес, «Ыстанбұл-Алматы» рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.