Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі

15 наурыз күні ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын жаумайды, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Оңтүстікте және шығыста ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: кей жерде жауын-шашын жауады, боран соғып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Кей жерде тұман түседі. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде жел қарқыны – 15-20 м/с. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, боран. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.