Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды. 63-рет ұйымдастырылған Grammy жүлдесінің «ең үздік ремикс» аталымына төрт үміткер таласты, тұңғыш рет қазақ жігіті үздік деп танылды. Иманбектің жүлделі ремиксі YouTube желісінде 140 миллионнан аса қаралым жинаған. Павлодарлық Иманбек 2019 жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеген. Жас талант иесі ата-анасымен бірге Пав­лодар облысына қарасты Ақсу қа­ласында тұратынын айтқан. Иман­бектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді. Кейіннен рэпердің өзі Instagram парақшасында видео жариялады. Ал сыйлықты алған сәтінде ол ең алдымен ата-анасына, командасына, менеджеріне және осы сыйлыққа лайық деп тапқан Grammy қазыларына алғысын жеткізді. «Әр музыканттың карьерасындағы ең керемет сәт – Grammy сыйлығын иелену. Біз осы жетістікке қол жеткіздік!», – деп жазды Иманбек Зейкенов. Таяуда көпшілікке диджей ретінде танылған жерлесіміз Imanbek Rita Ora және David Guetta сияқты әлемге әйгілі музыканттармен бірге ән жазған болатын. Өзінің айтуынша, ол ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтан үйренген. 2019 жылдың жазында Иманбек Saint Jhn атты рэпердің Roses атты әнін тауып, соған ремикс жазуды қолға алады. Бұл композиция үш жыл бұрын шығып қойған болатын. Иманбек әнге ремикс жазып, оны әлеуметтік желіге жариялаған соң поп жұлдызға айналды.