Қазақстан дзюдошылары рейтингте алға жылжыды

Қазақстан дзюдошылары рейтингте алға жылжыды

Қазақстан дзюдошылары рейтингте алға жылжыды
ашық дереккөзі
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) кезекті Grand Slam жарысынан кейін спортшылар рейтингін жаңартты. Ташкентте өткен әлемдік Grand Slam кезеңінен кейін Қазақстан дзюдошылары рейтингте алға жылжыды.  Жаңартылған рейтинг бойынша 60 келіде аталған жарыстың күміс жүлдегері атанған Елдос Сметов 3 саты жоғарылап, екінші орынға көтерілген. Ал 73 келіде күміспен күптелген Жансай Смағұлов бес саты жоғарылап, 14-ші орынға жайғасқан.  66 келіде жарысты бесінші орынмен аяқтаған Ерлан Серікжанов рейтингтегі орнын сақтап, 12-ші орында тұр. Жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан спортшылар келесідей орындарда жайғасқан (ТОП-50): 60 кг Елдос Сметов - 2 орын (5718 ұпай) Ғұсман Қырғызбаев - 10 (4426) 66 кг Ерлан Серікжанов - 12 (3831) Елдос Жұмақанов - 23 (2597) 73 кг Жансай Смағұлов - 14 (3470) 81 кг Дидар Хамза - 27 (2090) Руслан Мусаев - 45 (1026) 90 кг Ислам Бозбаев - 19 (2626) +100 кг Ерасыл Қажыбаев - 37 (1301)