Карантин талаптары сақталмаса, жағдай күрделене түседі – Рафаэль Гасанов
Карантин талаптары сақталмаса, жағдай күрделене түседі – Рафаэль Гасанов
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов кәсіпкерлік субъектілерін қызметкерлер мен келушілердің денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруға шақырды.
«Карантин талаптарын жиі бұзатындар және мемлекеттің қаулылары мен өтінімдерін қасақана бұзатын адамдарды, егер ол бизнес субъектісі болса, онда келушілер мен өз қызметкелері үшін жауап береді», деді Р. Гасанов.
Осы орайда ол кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, айналасындағыларға қамқор болуға шақырды.
«Сіз білесіз, қазір күрт өсу белең алды, Алматы бойынша тек бүгіннің өзінде 360 адам КВИ жұқтырған. Біз қызыл аймақта тұрмыз. Егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамайтын адамдардың жауапсыз әрекеттері жалғаса берсе, жағдай одан сайын күрделене түседі. Мен барлық кәсіпкерді карантин талаптарын сақтауға шақырамын. Сауда орталықтарынан, базарлардан жауапкершілікті талап етемін, өйткені егер жауапкершілік болмаса, онда қала былтырғыдай мүлдем жабылады. Сондықтан бұған жол бермеу үшін барлығымыз санитарлық ережелерді қатаң сақтауымыз керек», деді ол.
Соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 құрады, репродуктивті саны R – 1,3. Өткен тәулікте КВИ-мен 360 жағдай тіркелді.
Алматылықтарды туыстары мен жақындарының өмірі мен денсаулықтарын сақтап қалу үшін адамдар шоғырланатын шаралардан аулақ болуға, мүмкіндігінше қоғамдық орындардан бас тартуға, санитарлық нормалардың сақталуын күшейтуге шақырады.
Еске сала кетейік, пандемияның барлық кезеңінде 4188 тексеру іс-шаралары жүргізілді, 22 400 объектілер қамтылды, карантиндік шараларды бұзған 4994 объектілер анықталды. 2020-2021 жылдарға арналған тексеру шаралары бойынша заңды тұлғаларға (кәсіпкерлік нысандарға) қатысты 191,3 млн теңге 566 хаттама жасалды. Карантиндік ережелерді бұзғаны үшін 40 нысан өз қызметін тоқтатты (100 АЕК айыппұлмен).