Бразилияның бірнеше аймағында коронавирустың жаңа штамы анықталды

Бразилияның бірнеше аймағынан COVID-19-дың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы осы елдің Ғылым және технология министрлігіне қарасты Ғылыми есептеу орталығы мәлімдеген.

Бұл штамм Манаус және Рио-де-Жанейро қалаларында анықталған мутациялардан мүлде өзгеше. Жергілікті вирусологтардың айтуынша, жаңа штамның жұғу деңгейі алдыңғыларына қарағанда жоғары. Енді мамандар «соңғы мутацияның антиденелерге әсерін зерттейміз», – дейді.

Back to top button